Что действительно было на журфаке?!
Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетінде шу көтерілген болатын.
"Факультетті жабады" деген өтірік әңгімеден басталған дау, факультет деканының ауысуымен аяқталды. Қазіргі күні бүкіл республикаға аты шыққан журфак, жастардың тілінде айтқанда "монстр" атанып отыр.
Интернет сайттарда түрлі видеоларды көрген халық әлі де болса, шынайы ақпаратқа жете қоймады. Студенттердің қатысуымен болған бұл шара - тек ақпараттың анық - қанығын білу үшін ұйымдастырылған еді. Кейіннен ғаламторда түрлі "комментарийлер" жазылып, ақпарат басқа түрге айналып кетті.
Бәлкім, бұлай көтерілудің қажеті жоқ шығар, дегенмен, бұл студенттердің өз ойларын ортаға салуға көп мүмкіндік берген шара болды. Бірақ, мұны халықтың дұрыс түсінбегені қиын болды...
