Перейти к содержимому
muratayagan

Мурат Аяганов

@muratayagan

На сайте с 21 сентября 2010 г.Казахстан, Павлодар

мен өз мамандығымды сүйем, казак тілді интернет-журналистиканы дамытуга улес коссам деймін

рейтинг

100

постов

25

комменты

1

подписчиков

5

подписок

0

"ОҚУШЫ АНАЛАР" ДЕГЕН КІМДЕР?

Өкінішке қарай, осы күні жасөспірімдерге қатысты жаға ұстатар жайттар көп. Соның бірі – бесіктен белі шықпаған өрімдей қыздардың ойнап жүріп, от басып, оң жақта отырып, бала көтеруі. Жыл сайын мектеп жасындағы мыңнан астам қазақстандық қыз жүкті болып, өмірге некесіз әрі әкесіз бала әкелсе, сандаған бейкүнә шарана жарық дүниеге келмей жатып-ақ жапа шегуде. Мұндай жағдайлар біздің өңірде де жоқ емес. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақ бойынша 2011 жылы 15-18 жас шамасындағы 154 қыз жасанды түсік жасатса (2010 жылы - 180 қыз), 132 жасөспірім «ана» атанған (2010 жылы – 155 қыз). Өкініштісі, облыста жасы 15-ке толмай жатып жасанды түсік жасатқан балғын жеткіншектер де бар көрінеді. Мәселен, алдыңғы жылы – 3, ал былтыр – 1 мектеп оқушысы жатырындағы жазықсыз сәб…

0
0
1502

ЕРЛАН АРЫН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Елбасының Жарлығымен Ерлан Мұхтарұлы Арын Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды. Облыстың бұған дейінгі әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің Жарлығымен Экономикалық даму және сауда министрі болып ауыстырылды.

Толығырақ...

0
0
1264

ҚЫЗЫНАН ҚАЛЫҢ МАЛ ҚАДІРЛІ МЕ?

Дүниеқорлық - адамды жегідей жейтін құрт тәріздес. Байлықты бақыт деп түсінетіндер өз пайдасы үшін бәрін де құрбандыққа шалып жіберуге бар. Бірде қызын ұзатқан ата-ананың қалыңмал бермедің деп, той үстінде құдаларының жағасына жармасқанын көріп, көзім тас төбеме шыққаны бар.

Толығырақ...

1
0
1421

«ҒАШЫҚ ЖҮРЕККЕ» ТҮСКЕН «САМОРОДНЫЙ САРЫ АЛТЫН»

 

«Елімізде жерлесіміз, эстрада жұлдызы, жас әнші Жанар Доғалованы білмейтін жан кемде-кем шығар бүгінде. Алғашында өнерпаз балалардың арасында таныла бастаған жас талант қазір алыс-жақын шетелдерге де әйгілі болып үлгерді...»

толығырақ...

0
0
998

2012: АДАМЗАТТЫ АЛДА НЕ КҮТІП ТҰР?

Жиырма бірінші ғасыр басталғалы жер бетіндегі адамзатты «заманақыр» атты қорқыныш жаулап алды. Небір сәуегейлер көріпкелдік жасап, «адам баласының күні бітуге таяу, соңғы күнге дайындалыңдар» деп халықты қоймай үрейлендіруде. Бұл аздай, ежелгі Майя күнтізбесіне сәйкес «2012 жылдың 21 желтоқсаны күні ақырзаман орнайды» деген пәлекетті шығарды болжаушылар. Расымен 2012 жыл адамзат үшін қатерлі болмақ па? Қазір жұмыр басты пенделердің көбісі осы жағдайды көбірек ойлайтын тәрізді. Жұрттың бұлай үрейленетiн де жөнi бар. Соңғы ширек ғасыр бойында АҚШ түсiрген, адамзаттың басына ақырзаман келген күндi бейнелейтiн кинолар жұрттың ең сүйiп көретiн тамашасына айналды. Жер сiлкiнiсiн, су апатын, жанартау қопарылысын, мұз дәуiрiнiң келуiн, атмосфераның жойылуынан келген апатты, жатпланеталықтардың ба…

3
0
719

ӨЛІМ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛУДА...

Өткен аптада аймағымыздың бұқаралық ақпарат құралдарында Павлодар ауданының Чернорецк жалпы білім беру орта мектебінде кәмелет жасына толмаған Александр Дивиннің қаза тапқандығы жөнінде суыт хабар таралды. Жасөспірім білім ошағының жертөлесінде көз жұмған. Түсініксіз жайт, әрине. Сол-ақ екен, бірқатар ақпарат құралдары мұның бақытсыз жағдай емес екендігін айтып, шулап қоя берді. Өздігінен тон пішкендей болды. Тіптен, құқық қорғаушылардың жұмысына жеңіл болсын дегендей-ақ, күдіктіні де «тауып қойды». Небір қауесетттер тарады. Алайда, шын мәнінде жағдай қалай орын алды? Шынымен А.Дивиннің өліміне біреудің қатысы бар ма?

толығырақ...

0
0
664

СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН АЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ, ӘЙТПЕГЕНДЕ...

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде қолданыстағы СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) және ӘЖК (әлеуметтік жеке код) орнына жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) енгізілетін болады. Бұл жаңашылдық алдымен республика бюджетінен бөлінетін зейнетақы, жәрдемақы сынды әлеуметтік төлемдер үшін өте маңызды. Себебі, алдағы жылдан бастап елімізде СТН мен ӘЖК өз күшін жойып, олардың орнына тек қана 12 саннан тұратын жеке сәйкестендіру нөмірі қолданылатын болады. Алайда, тұрғындар арасында осы жүйені әлі күнге дейін түсінбей жүргендер де бар көрінеді. Айталық, бүгінгі күнге дейін Павлодар қаласының зейнетақы және жәрдемақы алатын 9 тұрғынында жеке сәйкестендіру нөмірінің мүлдем жоқ екендігі анықталды. Егер, олар тез арада құжаттарын реттемесе, келесі жылы зейнеткерлер зейнетақысынан, ал бала…

0
1
762

БАҚ ШАБА МА ӘЛДЕ БАП ШАБА МА?

Міне, биылғы оқу жылының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Барлық «оқушы» атаулының қуанышында шек жоқ. Өйткені, оларды алда жазғы демалыс күтіп тұр. Ал мектеп бітіруші түлектердің жайы басқа... Олай дейтініміз, біріншіден - түлектер алтын ұя мектептері мен ұлағатты ұстаздарын қимай, көңілдері босаса, екіншіден – ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) қалай тапсыратындарын уайымдап, жүректері лүпілдеп жүр. Бұл - әрбір түлек пен мұғалімнің дәл қазіргі жан толғанысы. Бүгінгі таңда ұлттық бірыңғай тестілеу шарасы мектеп бітіруші түлектердің келешек тағдырын шешетін ең қиын сынаққа айналды. Сондықтан да, 11-сынып оқушылары оқу жылының басынан-ақ осы науқанға қауырт дайындалуда. Тіпті, көптеген мектептердің түлектері тек қана ҰБТ-ға дайындалып, басқа пәндерді мүлдем ұмытқандары жайлы ел аузында ал…

0
0
1116

БӘРЕКЕЛДІ, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ!

«Қазақстан жастарының 68,2 пайызы өз елінің азаматы болып табылатындығына мақтанышпен қарайды». Бұл мәліметті жақында Украинадағы Горшенин институтының сараптамалық-зерттеу орталығы жалпақ жұртқа жария етті. Горшенин институтына қарасты зерттеу орталығы сарапшыларының мәлімдеуінше, Қазақстан көршілес Ресей, Украина және Польша мемлекеттерімен салыстырғанда патриоттық сезімі жоғары жастардың саны жағынан анағұрлым алда тұр.

Толығырақ...

0
0
1579

ҚАТІГЕЗ ҰРПАҚ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ?

Құдайы қонақ келсе, қойын сойып, төрін тосып, құшағын жайған аталарымыз жетім көрсе «Е...е... тайқы маңдай байғұсым-ай, «жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар» деген, тағдыр талқысына көнесің де. Бұл күн де ұмытылар, әлі-ақ жетіліп кетесің ғой», – деп есіркеп, маңдайынан сипап, бауырына басушы еді. Қонам десе, үйін, ішем десе, асын аяған емес. Отағасы опат болғанда қалған ағайын-туысы жесірін де жат босағаға жаутаңдатпаған. Бүгінде ескіліктің ерсі көрінісі саналатын әмеңгерлік те жесірін қаңғыртпаудың, жетімін жат етпеудің шарасыздықтан туған ақырғы бір амалы емесіне кімнің дауы бар? Жетімханасы жоқ заманда аталарымыз жетімін жетілдіріп еді ғой. Бүгін ше? Жетімге де, жесірге де адамдардың бұрынғы мейірімі, бұрынғы қамқорлығының түрі өзгерді. Олардың обалын да, сауабын да үкіметке ысыра с…

0
0
1118