Перейти к содержимому
muratayagan

Мурат Аяганов

@muratayagan

На сайте с 21 сентября 2010 г.Казахстан, Павлодар

мен өз мамандығымды сүйем, казак тілді интернет-журналистиканы дамытуга улес коссам деймін

рейтинг

100

постов

25

комменты

1

подписчиков

5

подписок

0

"СЫБАҒАДАН" ҚҰР ҚАЛМАҢЫЗ, АҒАЙЫН!

Ауылдағы мал өсіріп, шаруа баққан ағайынның құлағына алтын сырға! Биыл жыл басынан елімізде Үкіметтің қолдауымен ет бағытындағы мал санын арттырудың жаңа бағдарламасы жүзеге аса бастады. «Сыбаға» деп аталатын бағдарлама шеңберінде ауылдықтар айтарлықтай төмен пайызбен 7 жыл мерзімге дейін несие алып, ірі қара мал сатып алуға болады. Осылайша өз шаруашылығын кеңейтудің амалын, дамудың жолын іздеген азаматтар үшін үлкен мүмкіндік туды. Осындай сәтті қалт жібермей, уақытында, ретімен пайдаланып қалған абзал.

мақаланы толық оқу

0
0
452

ЖОЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ НЕГЕ ҚЫСҚАРТЫЛМАҚШЫ?

Былайғы жұртшылық «жол полициясында қызмет ететіндердің саны соңғы кездері тым көбейіп кеткен сияқты» дегенді де айтады. Бірақ, нақты деректер мұны мүлде жоққа шығарады. Соңғы 5-7 жыл көлемінде елімізде жол полицейлерінің саны екі есеге азайыпты. Бұрындары жол полициясы қызметкерлерінің жалпы саны он мың адамнан астам болса, қазір төрт жарым мыңды құрайды екен. Ішкі істер министрлігі жол полицейлерінің санын алдағы уақытта да қысқарта түсуді назарда ұстап отыр. Жоғарыда айтып өткеніміздей, фото-бейне құрылғылар жүйесін барынша жетілдіру арқылы штат санын азайтуға мән берілмекші.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары туралы жаңа заң жобасы құрастырылуда. Заң жобасы бойынша құрылымды жетілдірудің көптеген тың бағыттары қарастырылып жатса керек.

Материалды толық оқу үшін басыныз...

0
0
448

ЛЕГИОНЕРЛЕРДІҢ ЛЕГІ ТОЛАСТАМАЙ ТҰР

немесе қазақ спортын көркейту «келімсектерге» бұйырған ба? Тәуелсіздігімізге қол жеткізгенімізге 20 жыл болса да, ел намысын қорғар спортшы қыз-жігіттеріміздің, нақтырақ айтқанда, қандастарымыздың санын анағұрлым арттыра алмай келеміз. Бұл - талайдың өзегін өртеген өкініш. Түрлі дүбірлі спорт додаларынан хабар таратып отырған коментаторлардың сөздеріне мұқият назар аударып көрдіңіз бе? «Жарайсың, Хрусталева!», «Подобедова ел үмітін ақтады!», «Біздің Шведова!» іспетті жүрекжарды сөздерді естігенде бөркімізді көкке атып, қуанатындығымыз рас. Ол дұрыс та, өйткені әлемдік спорт алаңдарында бақ сынасып, Қазақстанның көк байрағын желбіреткен спортшыларымызды мақтағанға не жетсін?! Дегенмен, еліміздің аты аталған сәтте қазақтың ұл-қыздары есімінің қосарланып айтылмағаны көңілге кірбің түсіреді.…

0
0
543

БАЯНАУЫЛДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ҮЛКЕН ӘЛЕУЕТТЕРІ БАР

Пайдасы мол тың саланың көкжиектері Өңірдегі туристік инфрақұрылымның нашар дамуы мен қызмет көрсету ұйымдарының бүгінгі талаптарға емес қызметі салдарынан бұл сала кенже қалды. Жуықта ғана облыстағы туризм саласын 2010-2012 жылдары кластерлік дамытудың жобасы қабылданды. Баянауылдағы ұлттық паркте орналасқан табиғи әлеуеттерді пайдаланып, аталмыш ауданды туристік орталыққа айналдыруды көздеген бұл жоба өміршең саналуда. Облыс әкімі бағдарламаның іске асуына айрықша назар аударып отыр. Межеленген мақсат орындалса, аудан жазғы демалыс уақытында тәулігіне 12 мың туристке дейін өткізе алу қабілетіне ие болмақшы. Өңірлік бренд болып қалыптасатын Баянауылда туризм дамыса, жергілікті экономика өсiп-өркендеп, әлеуметтiк ахуалдың жақсаруына ықпал етедi. Табиғатты қайтсек қорғап қаламыз? Баянауыл…

0
0
630

"ЭЛЕКТР ҮСТЕЛІНІҢ" ЕЛЕСІ

Осыдан он жылға таяу уақыт бұрын, яғни 2001 жылдың қыркүйегінде орын алған құқық бұзушылыққа қатысты істің нүктесі қойылды. Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше, 2001 жылдың қыркүйек айында Павлодар қалалық Солтүстік ішкі істер бөліміне қарасты қылмыстық іздестіру тобының жедел уәкілі Б. өзінің тағы бір әріптесімен бірге азамат А-ны куәгерлердің қатысуымен ұстап, қос қолын қайырып, автотұраққа алып келіпті. Ұсталған азамат полицейлерге ешқандай қарсылық жасамаған және қашуға да ыңғай танытпаған. Артынша, полицияның жедел уәкілі Б. бір есебін тауып, байқатпай, ұсталған азаматтың қалтасына 5,6 мм калибрлі 5 дана оқ-дәріні салып жібереді. Одан соң тінту жүргізіп, әлгі оқ-дәрілерді азамат А-ның қалтасынан алып шығады. Әдеттегідей, полиция қызметкерлері тәркіленген оқ-дәрі бойынша хаттама толт…

0
1
717

ТҮЙЕНІ ТҮГІМЕН ЖҰТҚАНДАР...

ТҮЙЕНІ ТҮГІМЕН ЖҰТҚАНДАР... Павлодарда сыбайлас жемқорларды ұстады Бүгінде үйде жатып-ақ, саусақтарының басын қимылдатпастан табыс тауып, қомақты жалақы алуға болады екен. Қалай дейсіз ғой? Оңай. Ол үшін сіздің жақын туыстарыңыздың бірі лауазымдық қызметте, яғни қандай да бір мемлекеттік органның басшысы болса жеткілікті. Қоғамда қылмыстың өршуіне, ең алдымен, халықтың төменгі және орта жіктерін жайлаған әлеуметтік шиеленіс себеп болады деседі. Статистикаға сүйенсек, қылмыстардың басым бөлігі жұмыссыздық, материалдық жағдайдың төмендігі, маскүнемдік, нашақорлық, рухани азғындау және тағы басқа осы сияқты әлеуметтік факторлардан туындайды. Ал, қалған қылмыстарға итермейлейтін нәрсе – ашкөздік, қанағатсыздық, яғни осындай қылмыстың астарында оңай байлыққа кенелемін деген пенделік пайдакүнем…

0
0
729