ЖАҚСЫ ЖУРНАЛИСТ БОЛУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?
Бүгінгі таңда газет-журналдар нарық көшіне ілесе ала ма? Жалпы, газеттің жұмысын жақсарту үшін не істегеніміз жөн? Оқылымды тақырып табудың жолы қандай? Журналистік зерттеу жүргізуде журналистер нені мақсатқа алуы керек? Міне, осындай сауалдар төңірегінде Шымкенттегi «Жастар орталығында» журналистердiң семинары өттi. Облыстық iшкi саясат басқармасының мұрындық болуымен өткен басқосуға «Егемен Қазақстан» газетiнiң вице-президентi, бас редактор Жанболат Аупбаев пен «Айқын» газетiнiң бөлiм меңгерушiсi Гүлзина Бектасова қатысып, оңтүстiктегi әрiптестерiмен тәжiрибе алмасып, ой бөлiстi. Семинарды басқарма басшысы Берiк Құрманғали ашып, жүргiзiп отырды. Республикаға танымал, тың тақырып табудың хас шеберi Жанболат Аупбаев алдымен «Егемен Қазақстан» газетiн мысалға келтіре отырып, газет жұмыс…






