Мемлекетке мультфильм керек емес пе?
![]()
Нұрғиса Елеубеков (фото)
«Оңтүстікфильм» мекемесінің басшысы Батырхан Дәуренбековтың пікірінше, биліктегілер мультфильмді баланың ойыншығы деп түсінеді. Алайда, мультфильмнің нағыз идеологиялық қару екенін естен шығармаған абзал. Бүгінгінің баласын, ертеңгінің батырларын ұлттық кино, мультфильмдер арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеуде әліде болса енжарлық басым секілді. Мәселен, көрші Ресей бір ғана анимация саласына жылына 300 миллион АҚШ долларын бөледі екен. Олар «Три богатырья», «Илья Муромец», «Алеша Попович», «Добрыня Никитич» сияқты батырларын дәріптейтін толықметражды фильмдер шығару арқылы «великая русь», «русь непобедима», «наша русская сила» деген сияқты патриоттық сөздермен әсерлеп, балаларына өз тарихын танытып, орыс халқының рухын асқақтатып, елжанды болып қалыптасуына ықпал етуде. Ал, Алпауыт Қытай мемлекеті өз елінде шетел мультфильмдерін көрсетуге тыйым салған. Олар өз елінің мәдениеті мен салт-дәстүрін өзге елдің мәдениетімен ластамайды. Бүгінде балақайларға базарлық сыйлап, қазақ мультфильмінің қанат жайып, өркендеуіне атсалысып келе жатқан аниматорларды саусақпен санайсыз. Сондайлардың бірі оңтүстіктің тумасы, жерлесіміз – Батырхан Дәуренбеков. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
