Перейти к содержимому
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

На сайте с 17 февраля 2014 г.Казахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

постов

389

комменты

1

подписчика

4

подписки

4

ОЙМАҚТАЙ ОЙ! ЖЫЛАУЫҚ ӘНДЕР МЕН ЖЫЛАУЫҚ ӘНШІЛЕР...

Осы мәселені марқұм Жәнібек Кәрменов ұстазым көзінің тірісінде үнемі айтып, күн тәртібінен түсірмей жүретін. Одан бері де қаншама уақыт өтті, заман өзгерді, ағымдар ауысты, қазақ эстрада сахнасына мүлдем жаңа топ, бейтаныс буын келді. Әрине, Жәкең бұлардың бірін де көрген жоқ. Көрер жарығы таусылмағанда көкесін көзіне көрсетіп тұрып кім-кімнің де сыбағалы сөзін сол кісі айтар еді. Жәкең кеткелі қазақ өнерінің сыны сиыр құйымшақтанып кеткен. Бүгін келіп қазақтың бұлбұлы - Бибігүл Төлегенованың айтқан бір ауыз пікіріне тұс-тұстан тап-тап береміз. Шынын айту керек осы бауырымыздың "Мама" деген құлын дауысын естігенде құлағымызды баса қалатынымыз рас, ол "Ауырмайды жүрек..." деп шырқағанда шынымен де ауырып қаламыз.. Алайда, ол кісі Қайрат ініміздің жеке басын күстаналаған жоқ. Бар болғаны өн…

0
0
420

«ҚАЗАҚ ЕЛІ» ДЕП АТАСАҚ, ҚАЙТЕДІ?

Қазақ­станның Грузиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаев «Қазақ елі» деген ұғымды қоғам­дық санаға сіңіретін кез келді деп есептейді. «Білесіздер ме, грузин тілінде «Грузия» деген сөз жоқ. Мемлекеттің атауы әр тілде әртүрлі аталады...

Конституцияда «Сакартвели» деп жазылған, бұл грузин жері» деген мағына береді. Тұрғындар өздерін «картвели» деп атайды. Сондықтан бізге де «Қазақ елі» дегенді қоғамдық санаға енгізе берген жөн. Әсіресе, бұл патриоттық рухты көтеру үшін қажет» дейді елші. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
382

ҰЛЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАП ЖАТЫР

ЕЛІМІЗДЕ ҮНЕМІ ТҰҢҒЫШТАРДЫҢ КӨШБАСЫНДА КЕЛЕ ЖАТҚАН «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК КОМПАНИЯСЫ ҚЫРЫҚ ҚАБАТТЫ БАСТЫ ОФИСІНІҢ ӨН БОЙЫНАН БИІКТІГІ – 122 МЕТР, ЕНІ – 55 МЕТРЛІК КӨЛІКТІК ДИОДТЫ ЭКРАНДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ. Бұл жаңалық елді елең еткізді, қонақ­тарды сүйсіндірді, аға ұрпақ тамсанды, жас ұрпақ қызықты. Кешкі 19-дан түнгі 1-ге дейін жарқыраған түрлі түсті бейне­экран көрермендерін Тәуелсіз Қазақстан­ның тамылжыған табиғатымен, тарихи тұлға­ларымен таныстырады. Әсіресе, әл-Фараби бастаған Дулати, Йассауи, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Әбіл­қайыр хан­дардың алып тұлғасын көргенде, кеудесін мақтаныш кернемеген қазақ қалмайды. Қорыта айтқанда, қала тұрғын­дарының еңсесі бір көтеріліп қалды. Осын­­дай бақытты күнге жеткізген ел мақ­таныштарын еске алып, көзіне…

0
0
385

АҚПАРАТ ХАТ

 

АҚПАРАТ ХАТ


Қадірлі әріптестер!

2014 жылдың 10 қазанында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың 90   жасқа   толу   мерейтойына   орай   «Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: ғылыми мұра және ғалым феномені»атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
3047

АЛМАС ҚЫЛЫШ

АЛМАС ҚЫЛЫШ «Рыжий Алмаз» – Несіпбай Нәсенов 1961 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Бір деректерде оның Аягөз қаласында туып, әйгілі Жоламан ауылында өсіп-өнгені айтылады, басқа деректер балалық шағын Қырғызстанда өткізген дейді. Кейін атағы шығып дүркіреп тұрғанында үш рет жолығып, өз көзімен көрген, пікірлес-ниеттес болған Жұмагелді Нәдірбековтің айтуынша, ол ұлылар мекені Семейдің топырағында туып-өскен. Сол кезеңдегі газеттерде белгілі болғандай, Қырғызстанда жүріп істі болады. Ыстықкөл аудандық халық сотының үкімімен қарулы шабуылға қатысты деген айыппен бес жылға сотталады. Улардай шулаған баспасөз беттерінде оның «түрме университетін» беске бітіргені, түрме заңын жетік білгені сондай, ақша жасау мен адам тануды да мықты меңгеріп шыққаны жайлы жарыса жазады. Туған тілінен бөлек ор…

0
0
884

ТАРИХ ПЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАМҚОРШЫСЫ

Арпалыс пен әлеуметтік қақтығыстарға толы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жоғары білім алған санаулы қазақтардың көрнекті өкілі Т.Жүргенов – түрлі халықтар мен өңірлерге тән тарихи-мәдени үдерістердің тәлімін тереңінен толғаған, оң тәжірибесін кәдеге жаратуға олжа салған қайраткер әрі ой иесі. Ол Қорқыт Ата мен Фирдоуси заманының тұлғалары тағдырын, аңыз-әңгімелерінің көркемдік-идеялық болмысын ғылыми талдай алды, жаңа дәуірдегі Ресей, АҚШ, Ұлыбритания білімі мен ғылымы тарихындағы ерекшеліктер мен қиыншылықтарды алға тарта отырып, Қазақстанның, орта азиялық республикалардың интеллектуалдық серпілісін толымды нәтижелермен көмкеруді армандады. «Америка мәдениетті мемлекет болып есептеледі, – деп жазған екен «Темір нарком» 1935 жылы, – Соның өзінде соңғы 60 жылдың ішінде халықтың сауаты он бе…

0
0
351

«РЕСЕЙДІҢ ЖАРТЫСЫН ҚАЗАҚСТАНҒА БЕРУ КЕРЕК...»

Белоруссия президенті Александр Лукашенко «Euronews» телеарнасына берген сұхбатында Ресейдің Қырымды өзіне қосып алу саясатын сынай келіп, былай деді: «Қазір көптеген адамдар Қырым Украинаға қарамауы тиіс еді, Қырым – РФ-ның территориясы деп жүр. Бұл дұрыс емес. Олай болса, Бату ханның кезеңіне оралайықшы... онда Қазақстан мен Моңғолияға және басқаларға Ресей территориясын қайтарып беру керек болады». Кедендік одақ, Еуразиялық одақ сықылды Ресеймен одақтастық құрып жатқан Белоруссия президенті Александр Лукашенко Еуропа төрінде Ресейді осылай деп бір түйреп өтті. Қазақстан президенті Н.Назарбаев Ұлытауда берген сұхбатында: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып…

0
0
432

ҚАЗАҚ БОЛЫП ТУДЫҚ ҚАЗАҚ БОЛЫП ҚАЛСАҚ...

«Өзіміздің де осалдығымыз бар» – Жүрегі қазақ деп соққан бар азаматтың ашуын тудырған «Құрманғазы мен Пушкин ісіне» қарсылық акциясына бас болғандардың бірі өзіңіз. Ұлтжандылығыңызға барша қазақ тағы бір куә болды. Іс аяқталды. Нәтижесіне қанағаттандыңыз ба? – Өкінішке қарай, бұл істің нәтижесіне қанағаттану мүмкін бол­май тұр. Неге десеңіз, қыз­текелер де өздерінше бір ұйым екен, олардың да құқықтары әлем­дік деңгейде белгілі бір заңмен қорғалады екен. Бір сөзбен айтқанда, бұл ұлт дұшпандарының ойлап тауып отырғандары ғой. Бүгінгі күні жаһанданып, дамып кеттік деп жүрген Еуропа елдерінің басына дәл осы жағдай қайғы болып отыр. Бұл ең біріншіден, ұлт үшін өте қауіпті. Ер мен ер үйленгеннен кейін не болады? Ол дегеніңіз ұрпақ болмайды, ұрпақ жалғастығы тоқтайды деген сөз. Ұрпақтар былай тұ…

0
0
272

«АНА ТІЛІ – ЖАЛПЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЖАЛҚЫ!» ДЕЙТІН ИШТВАН ҚОҢЫР МАНДОКИ МҰРАСЫ АСТАНАҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Ұлы Қыпшақ рухына іңкәр Қоңыр Мандоки тірі болса, биыл 70-ке келер еді. Мажарстанның Карцаг қаласында дүниеге келген, ес жиып, етек жинаған жаста ата-баба рухын іздеп, Қазақ даласына оралған ізгі ұл өз өмірін түркі халықтарының бірлігін нығайтуға арнады. Еуропадағы құман-қыпшақтар мен түркі жұрты арасындағы тарихи сабақтастықты зерттеп, қайта жаңғыртуға тырысты. Түркі халықтарының фольклоры мен әдебиетін зерттеуге, оны насихаттау ісіне ден қойды, аудармамен шұғылданды. Оның ғылыми еңбегі, өнегесі кешегі аптада Астанада өткен Халықаралық Түркі Академиясының ұйытқы болуымен «Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық форумда тағы бір рет зерделенді. Форум жұмысына ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ТүрПА Бас хатшысы Жандос Асанов, Түркі Кеңесі Бас хатшыс…

0
0
478

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ КІМГЕ КЕРЕК?

alt

Швецияның астанасы – Стокгольмде Нобель апталығы басталды. Қазанның 6-сы мен 13-і аралығында биылғы Нобель сыйлығының лаураеттары анықталады.

Әлемдегі әйгілі сыйлықты арман етпейтін мәдениет, өнер, ғылым адамы кемде кем. Алайда, соңғы жылдардың бедерінде Нобелдің берілуіне саясат араласып кетті деген әңгіме де жиі айтылатын болды. Оның бір себебі, АҚШ Президенті Барак Обаманың әлемдегі бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алуы болса керек. Қалай болғанда да, Нобель – Нобель! (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
859