«АНА ТІЛІ – ЖАЛПЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЖАЛҚЫ!» ДЕЙТІН ИШТВАН ҚОҢЫР МАНДОКИ МҰРАСЫ АСТАНАҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Ұлы Қыпшақ рухына іңкәр Қоңыр Мандоки тірі болса, биыл 70-ке келер еді. Мажарстанның Карцаг қаласында дүниеге келген, ес жиып, етек жинаған жаста ата-баба рухын іздеп, Қазақ даласына оралған ізгі ұл өз өмірін түркі халықтарының бірлігін нығайтуға арнады. Еуропадағы құман-қыпшақтар мен түркі жұрты арасындағы тарихи сабақтастықты зерттеп, қайта жаңғыртуға тырысты. Түркі халықтарының фольклоры мен әдебиетін зерттеуге, оны насихаттау ісіне ден қойды, аудармамен шұғылданды. Оның ғылыми еңбегі, өнегесі кешегі аптада Астанада өткен Халықаралық Түркі Академиясының ұйытқы болуымен «Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық форумда тағы бір рет зерделенді. Форум жұмысына ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, ТүрПА Бас хатшысы Жандос Асанов, Түркі Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Абзал Сапарбекұлы қатысты. Ал Мажарстан жағынан Венгрия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Имре Ласлоцки, Венгрия Парламентінің вице-спикерінің кеңесшісі Шандор Дороги осы жиынға арнайы келіпті. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
