ӘДЕПТІ БОЛЫП ӘДЕТТЕН!
Жалпы халқымыздың, ата-бабаларымыздың жүріп өткен өмір жолдарына, күнделікті тұрмыс тіршілігіне, іс-әрекеттеріне көз жүгіртіп мән берер болсақ, онда басты мәселе күнделікті от басындағы тәлім-тәрбие жұмысының ешбір теңеусіз басты назарда болғандығын байқаймыз. Шырағым, баласы жаман болса, әкесін түйенің үстінде ит қабады деген, жаман атқа қалдыра көрме, әдепті бол – деп отыратын әке сөздерінің тәрбиелік мәні тереңде болатын. Осы негізде, айта кеткен дұрыс болар, ауыл ақсақалдары елден шыққан тентектерін тәрбиелеуде, әдеп ғұрыпты сақтамай жөннен шыққаны үшін билер талқыларына салып тиісті жазаға тартып отырғандығын бұрынғы өткен өмір тарихтарынан білеміз. Ал төрелік етуші билер өз пікірлерін ортаға салу үшін қамшыларын көтеріп сөз кезектерін алып әдеп сақтамай, тәртіп бұзушыларға байланыст…