Мысли в никуда
Кеш. Сыртта салқын соққан самал жел күні бойы кітапханада отырып, еңбектенгеннен шыққан тердің ыссы буын су сепкендей басты. Айнала тып-тыныш, тек жүйіткілеп жөнелген алыстағы машина дауысынан басқа ешқандай сыбдыр естілмейді. Жаңа жауған жаңбыр иісін сезініп, өкпемді осы таза ауамен толтырып, тынысымды кеңейттім. Көңіліме кірбің түсіріп жүрген сан түрлі мазасыз ойлар жаңбырдан кейінгі ауадағы шаң-тозаң секілді ғайып болды. Құдді бір сол жаңбырдың тамшысымен бірге буланып кеткендей. Тұла-бойым барлық ауыртпалықтан арылды. Салқынын әкеле жөнелген салқын леп бойымдағы жеңілдікті сездіртті.Осының бәрі мазасыз, уайым-қайғысы аз бейтаныс патшалыққа әкеткендей болды.Дегенмен, жанға жайлы тыныштық жанымда ұзақ болмады. Басымды көтеріп, аспанға қарадым.Қап-қара түнек секілді. Жалт-жұлт еткен бір…