Ат спорты
Жылқы — ең қымбат спорт түрлерінің бірі және ол таңғажайып жануар. Жылқыны оқытудың өзі үлкен іждағатты, ынтаны талап ететін жұмыс. Ең бастысы-қаттылық, тыныштық және шыдамдылық болу керек, қорқынышты жеңу қажет. Себебі, жылқы жануары барлығын сезінеді, шамадан тыс артық жұмыстар немесе жаттығуларды өткізе беруге болмайды.Оны мақтау керек. Жылқымен қарым-қатынас жан тыныштығын және бойымыздағы ішкі балансымызды сақтауға көмектеседі, күйзеліс қалпынан шығуға тез көмектеседі. Атқа міну, яғни ат спорты ішкі жан дүниеге тыныштық сыйлап қана қоймай, физикалық тұрғыданда дамытады. Ат сабақтары кезінде барлық бұлшық ет топтары жұмыс істейді, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесіне елеулі әсерін тигізеді. Атқа міну адам сымбатын тіке ұстауға, артық салмағтан арылуға, ішкі органдардың жақсы жұмысын…