Ат спорты
Жылқы — ең қымбат спорт түрлерінің бірі және ол таңғажайып жануар. Жылқыны оқытудың өзі үлкен іждағатты, ынтаны талап ететін жұмыс. Ең бастысы-қаттылық, тыныштық және шыдамдылық болу керек, қорқынышты жеңу қажет. Себебі, жылқы жануары барлығын сезінеді, шамадан тыс артық жұмыстар немесе жаттығуларды өткізе беруге болмайды.Оны мақтау керек. Жылқымен қарым-қатынас жан тыныштығын және бойымыздағы ішкі балансымызды сақтауға көмектеседі, күйзеліс қалпынан шығуға тез көмектеседі. Атқа міну, яғни ат спорты ішкі жан дүниеге тыныштық сыйлап қана қоймай, физикалық тұрғыданда дамытады. Ат сабақтары кезінде барлық бұлшық ет топтары жұмыс істейді, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесіне елеулі әсерін тигізеді. Атқа міну адам сымбатын тіке ұстауға, артық салмағтан арылуға, ішкі органдардың жақсы жұмысына ықпал етеді. Иппотерапия балаларға да, ересектерге де өз қорқыныштарын жеңуге, БЦП сияқты қорқынышты диагноздардың салдарын, жүрек-қантамыр жүйесі жұмысының бұзылуы, аутизм және басқа да ауруларды жеңуге көмектеседі.
Емдік атқа міну адам ағзасын нығайтады. Ол кезінде ат салт атты әр 60 секунд сайын 90-нан 110-ға дейін қозғалу импульстерін береді. Бұл барлық ішкі ағзалардың массажын қамтамасыз етеді.
Бұл спорт түрінің отаны-Франция. Бірақ бірнеше бұрын спорт түрін қолға алған Англия болатын.
Ағылшын ғалымдары атпен аң аулаудың нәтижесінде ат жүгірісі,секірісі, бәсекелестері және басқа да көптеген спорт түрлері және жылқы сынақтары болғанын дәлелдейді. Соған байланысты ағылшын жоғарғы мектебіндегі кедергілерді жеңу арқылы атпен секіру ерекше қолға алынған.
Қазақстанда бұл спорт түрінің өз дәстүрлері бар. Мысалы, қазақтарда ат ойындары аттардың жауынгерлік дайындығын тексеру кезінде қолға алынған.
Елімізде ат спортына ерекше көңіл бөлінген, әр аймақта Ат клубтары, арнайы сол аттарды баптап, дайындайтын ипподромдар бар.
Қазақстанның салт аттылары 1956 жылдан бастап, Қазақстанда алғашқы ат спорт мектебі құрылғанда, 1993 жылға дейін КСРО-ның барлық чемпионаттарына қатысып, осы жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері атанды.
Қазақстан командасы XII Азия ойындарына (Жапония), XV Азия ойындарына (Катар), XVI Азия ойындарына (ҚХР), XVII Азия ойындарына (Корея) қатысты. Сондай-ақ 2014 жылы Нормандияда, Францияда (әлем чемпионаты) өтетін Дүниежүзілік ат ойындарында өз шеберліктерін көрсетті.
Біздің шабандоздар әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегерлері болды, ал 1998 жылдан бері Әлем кубогының кезеңдері Қазақстанда үнемі өткізіліп тұрады. 1999 жылы Қазақстанның бастамасымен әлем кубогының Орта-Азиялық лигасы құрылды. Жыл сайын лиганың мықты салт аттылары Орталық Азия лигасында өтетін Әлем кубогының кезеңдерінде кездеседі. Нәтижелері бойынша әлем чемпионатының финалына қатысатын жеңімпаз анықталады. 2011 жылы алғаш рет ат спорты Қазақстанның III Спартакиадасының бағдарламасына енгізілді.
Дайындаған:
Аға оқытушы Сейдалиев Кенесары Наурзбайұлы
Студент Доғдырбайқызы Аружан
