Лихтенштейн: Вадуц: das Landesmuseum
Еуропада орналасқан Лихтенштейн князьдығы жайлы естігендеріңіз бар болар. Осыдан екі жыл бұрын осы "карлик" мемлекеттің астанасы Вадуц қаласына жолым түскен болатын. Бөлек монархиялық ел болғанымен мен үшін Швейцарияның бір қаласындай әсер қалдырды. Тілдері неміс тілінің диалектісі, валюталары швейцариялық франк "CHF", тіпті арнайы белгіленген шекарасы да жоқ. Күнделікті көріп жүрген қалалардай болғандықтан осы елдің ұлттық музейіне "Landesmuseum" бардық. Музейге кіру ақысы 8 CHF. Музейде князьдықтың тарихына арналған экспонаттар, күнделікті өмірде пайдаланған заттары қойылған. Бірге суретке түсуге, ұстап көруге болады. Лихтенштейндік етікшінің шеберханасынан: Қаланың жоғарғы бөлігіне көтерілсеңіз Вадуц қамалы орналасқан. Бұл қамалда князь отбасымен әлі күнге дейін тұрады, сондықтан қамал…