Лихтенштейн: Вадуц: das Landesmuseum

Еуропада орналасқан Лихтенштейн князьдығы жайлы естігендеріңіз бар болар. Осыдан екі жыл бұрын осы "карлик" мемлекеттің астанасы Вадуц қаласына жолым түскен болатын. Бөлек монархиялық ел болғанымен мен үшін Швейцарияның бір қаласындай әсер қалдырды. Тілдері неміс тілінің диалектісі, валюталары швейцариялық франк "CHF", тіпті арнайы белгіленген шекарасы да жоқ.

Күнделікті көріп жүрген қалалардай болғандықтан осы елдің ұлттық музейіне "Landesmuseum" бардық. Музейге кіру ақысы 8 CHF. Музейде князьдықтың тарихына арналған экспонаттар, күнделікті өмірде пайдаланған заттары қойылған. Бірге суретке түсуге, ұстап көруге болады.


Лихтенштейндік етікшінің шеберханасынан:


Қаланың жоғарғы бөлігіне көтерілсеңіз Вадуц қамалы орналасқан. Бұл қамалда князь отбасымен әлі күнге дейін тұрады, сондықтан қамал ішіне кіре алмадық. Бірақ естуім бойынша, князьдің туған күнінде фуршет жайып, есіктерін барлық келем деушілерге айқара ашады екен.
Музейлер, мейрамханалар мен дүкен аралаудан гөрі тегін табиғатпен тамсанғанға не жетсін! Күздің бояулары ерекше Европада. Саяхатыңызды ауа-райына қарай икемдеген дұрыс, алатын әсер ауа-райы мен жыл мезгіліне тікелей байланысты.
Сол қамалдың жанынан осындай көрініс ашылады:

Сәті түсіп, осы қалаға келетін болсаңыз, жергілікті туристік орталыққа кірсеңіз паспортыңызға естелік ретінде 3 франк төлеп, мемлекеттің штампын қойғызып алсаңыз болады.
