Анонс
2014 жылдың 16-18 маусымында Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бастамасымен «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстанның қала құрылысшылары одағының қолдауымен «жасыл» құрылыс мәселелері бойынша оқыту семинар-тренингін өткізеді. Аталған шара Елбасының «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін дайындауға отандық компанияларды тарту жөніндегі тапсырмасын орындау және еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Семинар мақсаты – отандық компаниялардың «жасыл» экономика әдіснамалары бойынша әлеуетін арттыру және оларға BREЕAM мен LEED стандарттары бойынша дәріс беру. Оқыту бағдарламасы мына тақырыптарды қамтиды: «Жасыл» құрылыс принциптері мен басымдықтары; «Жасыл» стандарттарды п…