Анонс
2014 жылдың 16-18 маусымында Астанада Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бастамасымен «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстанның қала құрылысшылары одағының қолдауымен «жасыл» құрылыс мәселелері бойынша оқыту семинар-тренингін өткізеді.
Аталған шара Елбасының «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін дайындауға отандық компанияларды тарту жөніндегі тапсырмасын орындау және еліміздің «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр.
Семинар мақсаты – отандық компаниялардың «жасыл» экономика әдіснамалары бойынша әлеуетін арттыру және оларға BREЕAM мен LEED стандарттары бойынша дәріс беру.
Оқыту бағдарламасы мына тақырыптарды қамтиды:
- «Жасыл» құрылыс принциптері мен басымдықтары;
- «Жасыл» стандарттарды пайдалануды бағалау өлшемдері мен практикалық тәжірибесі;
- «Жасыл» құрылыс модельдерін жобалау, т.б.
Семинар тренерлері ретінде CBRE (Ұлыбритания) компаниясының сарапшылары тартылған.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындығына үлес қосуға ықылас білдіретін отандық құрылыс компанияларының өкілдері халықаралық «жасыл» құрылыс стандарттарымен танысуға және білім алуға шақырылады.
Қазіргі уақытта семинарға «Базис-А» компаниялар тобы, «Құлагер» құрылыс корпорациясы, бірқатар жобалау институттары өкілдерінің қатысуы расталып отыр.
Өтінімдер 2014 жылдың 13 маусымына дейін қабылданады.
Байланыс үшін: Астана қ., Достық көшесі, 20,
«Санкт-Петербург» Бизнес-орталығы, 14-қабат,
тел. 8(7172) 277293, 277295
факс - 8(7172) 279580
e-mail: [email protected]
