СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтап қана қоймай, өздерін басқа қырларынан да танытуда. Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастырумен өткен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауына Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің «15-ші өңір» командасы қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, беделін арттыру және мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға бес мемлекеттік мекеменің командасы қатысты. Байқау барысында «15-ші өңір» командасы төрт тапсырма бойынша сыннан өтті. Алдымен сәлемдесіп, өздерін таныстырса, екінші кезеңде «Жер-судың аты – тарихтың хаты» деген аталымында тарихи орындарға байлан…