ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ
Полицияға қаланың түрлі аудандарында жасалған ұрлық фактілері туралы бірқатар арыздар келіп түскен. Петропавл қаласы Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, бұрын мүліктік қылмыстарға сотты болған 41-жасар қала тұрғынын анықтады, күдіктіні Көкшетау қаласында құрықтады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» 191-бабы 1-б. және «Тонау» 188-бабы 2-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. «Қаскөй «олжасын» қараусыз қалған сөмкелерден, ашық қалған автокөліктерден, сатушысы жоқ бутиктерден іздеген. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мүліктері қолды болмауы үшін қауіпсіздік шараларын қабылдауы тиіс, мәселен, сигнализацияны, бейне бақылау жүйелерін орнату, күзет құрылымдарымен шарт жасасу. Азаматтар…