СҚО КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ «ПАРТАҒА ОТЫРДЫ»

«Қазіргі уақытта заңнама базасына жаңартулар жүргізілуде, халықпен жұмыс істеудің принциптері жаңғыртылуда. Үзбей білімді жетілдіріп, біліктілікті ұдайы арттырып отыру қажеттілікке айналды», - деп атап өтті, өз сөзінде СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов.
Жаңа ақпараттық жүйенің тиімділігі қазан айында ашылған Көші-қон қызмет көрсету орталығының қызметімен дәлелденіп отыр. Мұнда келушілер үшін қолайлы жағдай жасалған, сарсаңға салу жоқ. Мәселен, еңбекші көшіп қонушылар Қазақстан Республикасында қызмет етуге жұмысқа рұқсатты бұрынғыдай бес күннің ішінде емес, бір сағаттың ішінде ала алады.
Келесі қадам қашықтықтан қызмет көрсету болу керек. Аудандарда көші-қон қызметінің қызметкерлері орындарда, Петропавл қаласының тұрғыны немесе қонағы сияқты үйден шықпай, облыс орталығынан қанша шақырым алыс болса да әр адам сол қызмет түрін пайдалана алатынына түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырулары тиіс. Осы семинардың басты тақырыбы - ақпараттық жұмыстардың әдістері болды. Сонымен қатар, аумақтық полиция бөлімдерінің көші-қон қызметі полицейлерінің біліктіліктерін арттыру мәселелері қаралды.

Семинардың алдында мемлекеттік қызмет көрсетуге және сапасын бақылауға бағытталған үш құрылымның ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды. Полиция ведомствосының бастығы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі департаментінің басшысы Елена Степаненко және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директоры Еркін Жұмабай бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары көрсетілген құжатқа қол қойды. Оның негізінде бірлескен жұмысты жедел түзетуге және өзара қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік беретін ақпарат алмасу жатыр. Елена Степаненко: «Адамдар көп жағдайда ақпараттың болмауына байланысты қиындықтармен кездесіп жатады, оларға қандай қызмет және қандай тәртіпте қол жетімді екенін білмей жатады. Түсіндіру жұмыстары күшейтілуі тиіс және осындай семинарлар көмегін тигізеді. Мүдделі ведомстволар өз кезегінде әдістемелік көмек көрсетуге дайын», - деп атап өтті. Берік Біләлов ынтымақтастықтың нәтижелері оны іске асыру аясында тоқсан сайын қарастырылатынын айта отыра, Меморандумның өзектілігін атап өтті.
Облыста жыл басынан барлығы халыққа 260 мың көші-қон қызметі, оның ішінде электронды түрде 248176 қызмет көрсетілді.
СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
