16 салт атты полицей Петропавл саяжайларын патрульдеуде
Патрульдік автомобильдер өте алмайтын жерлерде полицейлер атқа отырады.
Өнім жинау науқанына дейінгі негізгі проблема - ішімдікке әуес жандар. Кавалеристердің айтуынша, саяжайшылардың мазасын алған мас тұлғалар автопатрульдерге күн сайын тапсырылады. Басты міндеттер – профилактика, байланыс орнату, жағдайды зерделеу.
Кавалеристер саяжай қоғамдастығы төрағаларымен кездеседі, байланыс телефондарымен алмасады. Саяжайшылармен де әңімелесіп, иелері түнеуге қалатын саяжайлар немесе иесіз қалған саяжайлар туралы сұрастырады.
«Полицейлер, адамдармен қарым-қатынас жасау – жұмыста өз нәтижесін беретінін жақсы біледі, - дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Әлібек Ғабдуллин. – Күн сайын Заречный, Мичурино, Солнечный және Новопавловка кенттерінде 16 атты полицей 4 бағыт бойынша патрульдеуге шығады».
Саяжайшылар погондағыларға қуанышты. «Бұрын полицияны жиі шақыртатынбыз, - деді «Ранетка» саяжай қоғамдастығы саяжайшыларының бірі - Алексей Мироедов. Бізде 630 саяжай бар, әрине жалғыз күзетшіге оңай емес. Полицейлердің патрульде жүргенін көрген қаскөйлер енді айналып өтетін болады, ұрлық та азаяды».
Атты полиция күзетімен қоғамдық тәртіпті сақтауды толық қамтамасыз ету мүмкін емес аумақтарға автопатрульдер жұмылдырылады. Саяжайшылар бұған мәз, полицияның қатысуы - құқық бұзушыларға тосқауыл болады.
СҚО ПД баспасөз қызметі
