Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АВТОМОБИЛИСТЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СҚО ПОЛИЦИЯСЫ АВТОПАРКІНІҢ МЕХАНИГІ ӨЗ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Жедел, кәсіби, тәулік бойы – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері осындай жұмысқа бағдарланған. Олар шақырту түссе кез келген уақытта, облыстың кез келген жеріне жетуге әзір. Мобильділік пен жеделділікті полицей-жүргізушілер мен ведомство автокөлік шаруашылығының қызметкерлері қамтамасыз етеді. Автошаруашылық ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының құрамына кіреді, бөліністің штатында 40 шақты қызметкер бар. Жеңіл автокөліктер, автобустар, жүк көліктер – осының барлығы автопаркке кіреді, ал полицей-жүргізушілер, қызметшілер мен механиктер қызмет көрсетеді.

СҚО ПД АКШ механиктерінің бірі болып Владимир Иосифович Агай 4 жыл жұмыс істейді. Полиция қызметіндегі ширек ғасыр өтіліне енді механик лауазымындағы еңбек өтілі қосылады. Зейнетке Владимир Агай 2015 жылдың желтоқсаны, полиция старшинасы атағында шыққан. Қазір ІІО ардагері болып табылады. Агай жүргізуші куәлігін «кең бейінді тракторист-машинист» мамандығы бойынша кәсіби-техникалық училищені аяқтап, 18 жасында алған. Кейін Фрунзе қаласында БТР жүргізуші-механигі лауазымында әскери борышын атқарған. Ішкі істер органдарына қызметке Владимир 1990 жылы ведомстводан тыс күзет бөліміне күзетші болып бұйрықтан өткен. Екі жылдан соң милиционер-жүргізуші болды. Оған бекітілген алғашқы машина ВАЗ 21011 көлігі болды. 1997 жылы Владимир СҚО Ішкі істер басқармасы аппаратына ауыстырылған. Жедел қызметтер, Өзіндік қауіпсіздік басқармасы, Хатшылық, Штаб – түрлі бөліністерде жұмыс істеді, барлық жерде өзі ісін адал әрі сапалы орындауға тырысты. Кез келген іссапар – әр қызметкер үшін жауапты, ал полицей-жүргізуші үшін тіптен жауапты. Жүргізуші белгіленген жерге уақтылы келуге ғана емес, жолаушыларының амандығы мен автокөлігінің сақтығына жеке жауапты. Полициядағы қызмет нормаланбаған, кез келген уақытта, күн райына қарамастан шығуға тура келіп жатады. Сондықтан жүргізуші жинақы, сергек әрі өз көлігіне сенімді болуы тиіс. Қызмет кезінде Владимир Агай өз жұмысын адал атқарды, зейнетке шыққан соң – туған ведомствосында механик лауазымында жұмыс істей жүріп те, өз ісіне деген адалдығын көрсетуде. Қазіргі мамандығы, полицей-жүргізуші жұмысының қыр-сырын білумен қатар, асқан дәлділікті талап етеді: АКШ механигі көліктің жолға шығар алдындағы, қайтып келгендегі жағдайын бақылайды. Басшылығы мен әріптестері тәжірибелі механик Агайға құрметпен қарайды: «Жауапты, салмақты, сыпайы», - деп сипаттайды оны СҚО ПД АКШ бастығы полиция капитаны Аслан Жүнісов.

«Полицей-жүргізушінің, жалпы жүргізушінің жұмысы бір қарағанда, басқа мамандықтармен салыстырғанда қиын емес болып көрінеді, алайда жолаушыларының амандығына жауапкершіліктен басқа өзгешеліктері жетерлік. Көздің талуы, ұйқының қанбауы және бірнеше сағат бойы рөлде отыру – осының барлығы жылдар бойы жинақталып, денсаулыққа әсер етеді. Бір жағынан түрлі қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдарда боласың; ой өрісіңді кеңейтесің, есте сақтау қабілетіңді жаттықтырасың, - дейді Владимир Иосифович». Қазан айының соңғы жексенбісі аталып өтетін Автомобилистер күні қарсаңында Владимир Агай барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіпсіз жол, мықты денсаулық пен отбасы амандығын және әрқашан бағдаршамның жасыл түсін тілейді!

0
0
718

Еще по теме

АВТОМОБИЛИСТЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СҚО ПОЛИЦИЯСЫ АВТОПАРКІНІҢ МЕХАНИГІ ӨЗ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТТЫ - Yvision.kz