«Алтын адам»
Әлем халықтары қашанда тарихтан қалған жәдігерлерге ерекше мән беріп қызығушылық танытады. Біздің кең байтақ қазақ жерінде де санқилы тарих тағылымдарынан қалған мұралар бар. Ескертіш, обалар мен қорымдар, көне қалалардың орындары халықтың бай тарихынан сыр шертеді. Солардың бірі көнеден күні бүгінге дейін сақталып қалған Түркістан, Тараз сияқты қойнауы тарихқа тұнған қалалары. Қазақ жерінен «Алтын адамның» табылуы да туристердің қызығушылығын арттырып отыр. Есік қорғанынан «Алтын адам» табылды. Бұл 1970 жыл болатын. Дәл осы кезеңде алыс–жақын елдердің барлығы елең еткен-ді. Археологиялық олжаны тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев тапқан болатын. Зерттеу бойынша жәдігер біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешім қабылданды. «Алтын адамның» бойындағы қа…