Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Алтын адам»

Әлем халықтары қашанда тарихтан қалған жәдігерлерге ерекше мән беріп қызығушылық танытады. Біздің кең байтақ қазақ жерінде де санқилы тарих тағылымдарынан қалған мұралар бар. Ескертіш, обалар мен қорымдар, көне қалалардың орындары халықтың бай тарихынан сыр шертеді. Солардың бірі көнеден күні бүгінге дейін сақталып қалған Түркістан, Тараз сияқты қойнауы тарихқа тұнған қалалары. Қазақ жерінен «Алтын адамның» табылуы да туристердің қызығушылығын арттырып отыр.

Есік қорғанынан «Алтын адам» табылды. Бұл 1970 жыл болатын. Дәл осы кезеңде алыс–жақын  елдердің барлығы елең  еткен-ді.  Археологиялық олжаны  тарих ғылымдарының докторы  Кемел  Ақышев тапқан болатын. Зерттеу бойынша жәдігер  біздің заманымызға дейінгі  IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешім қабылданды. «Алтын адамның» бойындағы  қаруы, киімі түгелдей алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен адамның, сонан соң  оның  елінің дәулетін  көрсетеді. Екіншіден сол кездің өзінде түсті металлургияның  қыр-сырын меңгерген тайпалардың  өмір сүргенін байқауға болады. Олжаның көшірмесі  Алматыдағы  Орталық мұражайға  қойылды. Оңтүстік  астананың орталық алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік монументінің негізгі бейнесі де  осы «Алтын адам».

Кейіннен бұдан өзге тағы да екі «Алтын адам» табылды. Екінші «Алтын адам» 1999 жылы  Атырау облысының  Аралтөбе қорғанынан табылған. Қазу  жұмыстарын тарих  ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізді. Біздің  дәуірімізге  дейінгі III ғасырға  жататын  осынау  алтынмен көмкерілген жанды  оның болат семсеріне  қарап, ғалымдар сарматттардың  көсемі  деген  қорытындыға келді.

Ал, үшінші «Алтын адам»  2003  жылы профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар Шығыс Қазақстан облысы, Шілікті  жазығынан қазып  алған.  Ғалымдардың зерттеуі бойынша «Алтын адам» б.д.д VII-VIII ғасырларда өмір сүрген.

Ұлан байтақ қазақ жерінен табылған «Алтын адамның» соңғысы деп айталмаймын. Кең даламыздың қойнауына жасырған әлі талай теңдесіз жәдігерлерінің табылуын уақыт еншісіне қалдырамыз.

     
2
0
9952

Еще по теме

«Алтын адам» - Yvision.kz