МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
2019 жылдың 26 желтоқсан күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті және облыстың Әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараға облыс және Орал қаласының білім саласының қызметкерлері, сонымен қатар аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары қатысты (бейне-конференц байланысы арқылы).
Шараға қатысушыларға бірінші басшылардың отставкаға кету институты жағдайлары түсіндірілді және мемлекеттік қызмет саласына енгізілген жаңа талаптар мен этикалық нормалар талқыланды.