Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТЖ МОНИТОРИНГІ ЖАЛҒАСУДА

2019 жылғы 25 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) "Адал жол" жобалық кеңсесі аясында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп Орал қаласының ТЖ вокзалында және Қазақстан станциясында (Ақсай қ.) «Жасырын сатып алушы» әдісімен рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында билет кассаларында кезек пен дүрлікпе табылған жоқ, барлық бағыттарға билеттер бар. Заңсыз сатып алумен және билеттерді сатумен айналысқан тұлғалар анықталған жоқ.

Бұдан басқа, Орал-Астана (тальго) бағытындағы №96 пойыз тексерілді. Тіркелмеген жүктер мен «билетсіз» жүктерді тасымалдау фактілері тіркелген жоқ.

1
0
262

Еще по теме

ТЖ МОНИТОРИНГІ ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz