Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

2019 жылдың 25 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің оқытушыларымен кездесу өткізді.

Шараға Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Ғ.Мұратов қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

1
0
235

Еще по теме

«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!» - Yvision.kz