Инновация и жастар
2016 жылдың 8 сәуірінде Департамент бастамасымен «Инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материал» ұлттық байқауының жеңімпазы, «Орал өңірі» облыстық газетінің журналисті С.Абухалыковпен «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінің кездесуі ұйымдастырылды. 2015 жылы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «Инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материал» атты ұлттық байқауын өткізіп, жеңімпаздары Ұлыбританияға сапарға бару мүмкіндігіне ие болды. Журналисттер сапар барысында BBC, «The Times» және басқа ұйымдардың кеңселерін аралады. Кездесу барысында журналист С.Абухалыков жас белсенділерге Ұлыбританияның мәдениеті туралы әңгімеледі. Онда ол ағылшындардың заңдарды қатаң сақтайтындығын ерекшелеп, қазіргі жастарға үлгі алуға болатындығына тоқталды. Департамент өкілі аталған шар…




