Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Инновация и жастар

2016 жылдың 8 сәуірінде Департамент бастамасымен «Инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материал» ұлттық байқауының жеңімпазы, «Орал өңірі» облыстық газетінің журналисті С.Абухалыковпен «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінің кездесуі ұйымдастырылды.

2015 жылы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «Инновациялық тақырыптағы үздік журналистік материал» атты ұлттық байқауын өткізіп, жеңімпаздары Ұлыбританияға сапарға бару мүмкіндігіне ие болды. Журналисттер сапар барысында  BBC, «The Times» және басқа ұйымдардың кеңселерін аралады.

Кездесу барысында журналист  С.Абухалыков жас белсенділерге Ұлыбританияның мәдениеті туралы әңгімеледі. Онда ол ағылшындардың заңдарды қатаң сақтайтындығын ерекшелеп, қазіргі жастарға үлгі алуға болатындығына тоқталды.

Департамент өкілі аталған шара Департамент пен «Жас Отан» жастар қанаты арасында қол қойылған «Ашық келісімді» жүзеге асыру аясында өткізіліп жатырғандығын атап өтті.

Сонымен бірге, үздіксіз білім алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, адалдық және еңбекқорлық мәселелер қозғалды.

 

0
0
468

Еще по теме

Инновация и жастар - Yvision.kz