ӨҢІРДЕГІ 20 ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ 14-І ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА
«AMANAT» партиясының СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының отырысында су тасқыны жағдайына дайындық және өңірдің барлық гидротехникалық құрылыстарының жарамдылығы мәселелері талқыланды.Облыс әкімдігі аппаратының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Берік Ғабдулин өңір аумағында 20 гидротехникалық құрылыс бар екенін хабарлады. Екеуі – апатты жағдайда. Олар – су қоймасы бар Шарық су торабы және Уәлиханов ауданы Қаратал ауылындағы «Сегіз көз» сегіз терезелі су өткізу ғимараты.«Төртеуі қанағаттанарлықсыз жағдайда: Есіл ауылының жанындағы арынды-реттеуші бөгет, Петропавлдағы Ущев көшесіндегі қорғаушы бөгет, «Биопруд» сарқынды су жинағыш бөгеті және Тілеусай ауылының жанындағы су қоймасы бар су көтергіш бөгет. Қалған 14 ГТҚ – қанағаттанарлық жағдайда», - деді Берік Ғаб…