Перейти к содержимому
Обложка сообщества Общество

САУДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «НАҚТЫ САТЫП АЛУШЫНЫҢ» ЖОҚТЫҒЫНА ШАҒЫМДАНДЫ

Мәселен, Петропавлда партиялықтар қала орталығында орналасқан «Дария» базарына барып, шағын бизнес өкілдерінің мұң-зарын тыңдады. Мұнда негізінен күнделікті қажетті тауарлар, жеміс-көкөніс пен ет өнімдері сатылады.

«Бізде сатылым деңгейі төмендеді, «нақты сатып алушы» жоқ. Бұған себеп, біздің ойымызша, солтүстік өңірде жалақы мен зейнетақының төмендігі. Әрине, бірқатар оқиғалардың салдарынан тауарды сатып алу құны және сәйкесінше бөлшек сауда бағасы да қымбаттады», - деп атап өтті сатушы Алёна Семенищева.

Сондай-ақ, қала тұрғындары шағын бизнесті дамытудың проблемалық мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, олар бүгінде артықшылығы әлдеқайда көп ірі сауда компанияларымен бәсекелесу мүмкіндігінің жоқтығын атап өтті.

«Біз, ірі сауда нүктелері сияқты, жеңілдіктер жасай алмаймыз, адамдар сол жерге «кетеді», - деді ШОБ өкілдері.«Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша барлық өтініштер «AMANAT» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне қазіргі уақытта жасалып жатқан Сайлауалды бағдарламаға тиісті индикаторларды енгізу үшін ұсынылатын болады. Біздің міндетіміз – солтүстікқазақстандықтардың сұрақтары, ұсыныстары осы құжатта көрініс табуы», - деді партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Александр Зель.

0
0
259

Еще по теме

САУДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «НАҚТЫ САТЫП АЛУШЫНЫҢ» ЖОҚТЫҒЫНА ШАҒЫМДАНДЫ - Yvision.kz