ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСИ ЛАГЕРІНДЕ
«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Алматы облысы, «Арман дала» ойын-сауықтыру кешені Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің аясында «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагерінің жұмысы болып жатыр. Қазақстанның барлық өңірінен келген 300-ден астам делегат, сондай-ақ Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстаннан келген қонақтар 4 күн бойы «Bir Tolqynda» диалог алаңдарының, тақырыптық панельдік сессиялар мен оқыту семинарларының жұмысына қатысуда. Олардың қатарында Түркістан облысынан «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман, Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Эрнар Бектаев және өңіріміздегі ең жас халық қа…