Yvision.kz
kk
Жұмыс істеп саяхаттан
11 постов3 подписчика
0

ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСИ ЛАГЕРІНДЕ

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Алматы облысы, «Арман дала» ойын-сауықтыру кешені Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің аясында «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагерінің жұмысы болып жатыр. Қазақстанның барлық өңірінен келген 300-ден астам делегат, сондай-ақ Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстаннан келген қонақтар 4 күн бойы «Bir Tolqynda» диалог алаңдарының, тақырыптық панельдік сессиялар мен оқыту семинарларының жұмысына қатысуда. Олардың қатарында Түркістан облысынан «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман, Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Эрнар Бектаев және өңіріміздегі ең жас халық қалаулысы Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Жүсіпбаев бастаған бір топ белсенділер бар. Осы жылдың шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде, «үш зұлым күшке»: трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз есірткі айналымына және киберқылмысқа қарсы күреске баса мән берілетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті цифрлық технологияларды дамытудың өзектілігіне және экология саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға назар аударды. «Жастар рухы» ЖҚ төрағасының орынбасары Ақерке Искандерованың айтуынша, лагерьдің басты мақсаттарының бірі – Мемлекет басшысының ШЫҰ кеңістігіндегі бастамаларын ілгерілету, халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ жас ұрпақтың саяси және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау.

0
258
0