АБАЙ
Менің бірінші блогым. қатты сөкпеуіңізді өтінемін оқырман! Ең бірінші Абай құнанбаевпен танысуым бірінші сыныпта болды. Қыс өлеңі. Бәріңіз білетін шығарысздар. Жылдан жылға қазақ тілі мен әдебиет кітаптарында Абай өлеңдері көбейе бастады. Осылай жылдан-жылға Абай өлеңдерін жатқа айттық, жарыстық жатқа айтудан, ұйқастарын талдадық. Содан жетінші сынып оқып жүргенде Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман эпопеясын оқи бастадым. Бірінші томын ғана оқыдым. Шынымды айтсам, ұнамады. Одан кейін Абайды тереңірек зерттедік, яғни мектеп программасынан тыс өлеңдерін оқыдым. Ол кезде мен қазақтардан артық халық көрмейтінмін. Яки қазақтардың барлығы батыр, батыл, шындықты сүйетін, арамдыққа бармайтын деп білетінмін (бозбалалық максималистік, идеалистік көзқарас десе де болады). Қазақтарды жамандаған Абайд…