Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АБАЙ

Менің бірінші блогым. қатты сөкпеуіңізді өтінемін оқырман! Ең бірінші Абай құнанбаевпен танысуым бірінші сыныпта болды. Қыс өлеңі. Бәріңіз білетін шығарысздар. Жылдан жылға қазақ тілі мен әдебиет кітаптарында Абай өлеңдері көбейе бастады. Осылай жылдан-жылға Абай өлеңдерін жатқа айттық, жарыстық жатқа айтудан, ұйқастарын талдадық. Содан жетінші сынып оқып жүргенде Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман эпопеясын оқи бастадым. Бірінші томын ғана оқыдым. Шынымды айтсам, ұнамады. Одан кейін Абайды тереңірек зерттедік, яғни мектеп программасынан тыс өлеңдерін оқыдым. Ол кезде мен қазақтардан артық халық көрмейтінмін. Яки қазақтардың барлығы батыр, батыл, шындықты сүйетін, арамдыққа бармайтын деп білетінмін (бозбалалық максималистік, идеалистік көзқарас десе де болады). Қазақтарды жамандаған Абайды жек көіп кеттім. Неге жамандайды деп ашуланатын да болдым. Абайды осы орайда оқуды қойдым. Жыным келді, дәл кеше бір блогер айтқандай байдың баласы сөйлей береді деп есептедім. Еріккен деген де ойым кетті.

Есейген шағым, жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін қолыма Әуезовтың "Қарақ-қараш оқиғасы" кітабы түсті. оқи бастадым. Толықтай кітапқа үңіліп кеттім. Кіріп кеттім десем де болады. Өзімнің басымнан өткен оқиғалар да талай еді. Бақтұғылдың бойындағы қасиеттерді өзімнен таптым. Жасалған қиянаттары өзімнің басымнан өткендей болды. Қазағымның сорлылығын сол кезде ұқтым. Абайға жүгіндім. Абайды оқи бастадым, Абайдың даналығын түсіндім. "Абай - дана, Абай дара қазақта" дегенді бекер айтпағаны сол кезде жетті түйсігіме.

Бұны айтпақ себебім - Абайды тану үшін жетілу керек ойыңның. Соған миың толығу керек екен. Екінің бірі Абайды жаттап жүр. Бірақ түсіне оқу бөлек. Абайды оқығанда екі жолдың арасын оқымау керек, түсіне қорыта оқу керек. Егер Абайды оқып түсінбесеңіз, сіздің деңгейіңіздің жетпегені. Кейінірек тағы бір оқыңыз, мүмкін сонда түсінерсіз.

П/С:

Дара туған, оза туған заманнан.

Дана бар ма асып туған Абайдан.

0
0
842

Еще по теме

АБАЙ - Yvision.kz