Ұмытамын деп...
Қан -жуса алақанындағы жүрегінің соңғы лүпілін естіп, ол:
" жүрегімде емес, санамда екенсің ғой",-деді...
@Roxanne_Ritchi
Жұмбақ қыз
рейтинг
100
постов
25
комменты
72
подписчиков
13
подписок
19
рейтинг
100
постов
25
комменты
72
подписчиков
13
подписок
19
Қан -жуса алақанындағы жүрегінің соңғы лүпілін естіп, ол:
" жүрегімде емес, санамда екенсің ғой",-деді...
Таааааааааааарс! Шолпан оянып кетті. Жел тұрып, терезе қатты жабылған екен. «Түүүу, шошып кеттім ғой. Енді ұйқым келер ме екен?». Дөңбекшіп әрі аунады, бері аунады. Иә, расымен де ұйқысы келер емес. Ол төсектен тұрып, терезе алдына келді. Айналаға көз жүгіртті. Жұт шырт ұйқыда. Бірен-саран үйде ғана шам жанып тұр екен. Шолпан терең тыныстыды да: « Соңғы түн. Менің бұл үйдегі соңғы түнім», - деп жымиып күліп, көзін жұмып, қуаныштан айнала жөнелді. Ол бақытты. Өйткені ертең ұзатылғалы жатыр... ...Мақсат оған мектеп бітірісімен-ақ, «үйленейік» деп, сақина ұсынған еді. Бірақ Шолпан көнбеді. Әрине, оқығы келді. Одан кейін де жұмыс істеймін деп, байғұс жігітті тағы күттірді. Мақсаттың да сезімі мықты екен, ә! Ееех, ол да бақытты шығар. Сонша жыл күткен қызын, енді алақанына кондырғалы отыр... «…
Мен кейде... ...Өзімді жек көріп кетем, СЕНІ әлі сүйетінім үшін. Жалғыздық құшағына оранып, СЕНІ әлі күтетінім үшін. СЕН десе жүрегім елеңдеп, әлі де іздейтінім үшін. «Келер» деп, үмітті үзбейтінім үшін. Өзіңді аңсайтыным үшін. Сұқтанған көздерден қызғанып, өзгеге қимайтыным үшін. Сағыныштың дәмін татқызып, тәтті мұң сыйлағаның үшін. Ұйқымды ұрлағаның үшін. Бақыт боп, бағыма қонбағаның үшін. Өңімде емес, өзіңді тек түсімде ғана көретінім үшін. Жүрегін ұсынған серілерді саған теңеп, ұқсамаса ұнатпайтыным үшін. :)) Өзіңді ұмыттырмағаның үшің. Бірақ... ...СЕНІ жолықтырған тағдырыма риза боламын. Сүюді үйреткені үшін. Өткенге өкіндірмей, бақытты бағалай білуді ұғындырғаны үшін. Кеудемде дүрсілдеген жұдырықтай жүрегімнің барын, сол жүректің жылай білетінін сезіндіргені үшін. Уақыттың ғана емші…
- Тез! Тез! Тездет! Жүруіміз қажет. Тұр енді, бол!.. ...Ұйықтап жатыр едім, біреу мені жұлқылап оятты. Төсектен тұрар-тұрмастан, қолымнан қысып ұстап алды да, есікке қарай жүгірді. Бір қызығы, күнде ашық тұратын бөлме есігі бүгін жабық тұр екен. Біз алып-ұшып, есікті ашпастан, тура арасынан өтіп кеттік. Иә, иә, арасынан. Кәдімгі аруақтар тәрізді. Шошып кеттім. Жан-жағыма қараймын, үйде ешкім жоқ. Қорыққаным сонша – сөйлеуге де, айқайлауға да шамам келмеді. Әлгі кісінің артынан әлі жүгіріп барам. Кенет, есімді жинап, кілт тоқтап қалдым. - Жібер қолымды! Кімсің? Қайда барамыз? – деп айқай салдым. - Кім екенімді біліп қайтесің? Тез, қаш! Тоқтама. Жүгіре бер, - деп ол қолыма қайта жармасты. - Кімнен қашамын? - Ұйқыдан. Екеуміз біраз жүгірдік. Бірақ артымыздан қуып келе жатқан ешкім көрінбейді…
Неге? ...Неге адамдар қандай екенімізді білмей жатып, сыртымыздан теріс сөйлейді? Неге «маған бәрібір» деп болашаққа бей-жай қарайды? Неге тек өзінінің басын ғана ойлайды? Неге «өййй!» қол сілтеп, үмені «менің қолымнан келмейд» деп ойлайды? Неге айтқаныңды дұрыс түсінбестен, кінәлап, айыптайды? Неге өзіңнен кіші саған ақыл айтса, «сен маған үйретпеш» деп, оны менсінбейді? Неге біреу құлап немесе жығылып кетсе, күледі? Неге «мен сондай, мен мұндаймын» деп өзін төмендете береді? Неге жігіттер «қазір қыздардың бәрі бұзылған ғой» деп ойлайды? Неге қыздар ақ боз ат мінген ханзаданы армандайды, қарапайым болса да, рухани бай жанды емес? Неге ақша су сияқты, құнсыз, неге үнемі керек болады да тұрады? Неге жастар өзінің ұнатпайтын әншісінің суреттерінің астына ұялмастан жаман сөздермен коммент жа…
Түнде маған SMS келді. Белгісіз жаннан. Оқып отырып өзім таңғалдым. Міне, мынадай SMS:
Гүлдердің ғұмыры не мына Күнсіз?
Ай да әсем бола алмайды ғажап Түнсіз?
Менің де жағдайым сол СЕН БОЛМАСАҢ,
Жүрек тоңып, көрінер көзім нұрсыз.
Жан дертімді жеткіздім саған тілсіз,
Емін тауып көрші, тек, қалма үнсіз!!!
Мүмкін маған таңғалып, тұр шығарсыз,
Сезіміме күліп, сірә, қырсығарсыз...
Ех, мейлің! Жүрегімді ұсындым мен,
Түн ұйқымды ұрлаған Ай сыңар қыз.
Егерде қабыл алсаң SMS жаз,
Күтейін жауабыңды мен шыдамсыз!
Таңғалғаным соншалық – хатқа жауап жазарда қолым дірілдеп, телефон қолымнан түсіп кетті. Түүүүүүүүуу! Сөйтсем түсім екен. :) Дәл осы сәтте оянып кеттім. Маған мұндай SMS ешкім жіберген емес. Қызық, түсіме енген кім болды екен.?!

Өңім бе? Түсім бе? Білмеймін. Әлде бала болып кеттім бе? Ғажайыпқа сендім бүгін. Мына ғажайыпқа:
«...Одуванчик – известен как любовное растение. Говорят, если сдуть семена на ветру, то он относет вашу любовь любимому. Если, загадывая желание, дуть на этот пушистый шарик и сдуть все семена, ваше желание сбудется. (с) Сесилия Ахерн «Посмотри на меня»......»Қиялымдағы мереке – «Джинни Джоуда» не тілесем екен, ә?! :))






Бір.....Екі.....Ү-ү-үшш...:
Сүйгеніме құстай ұш!
Күттірмей келсін дегейсің,
Сәлемімді бергейсің.
Дамылсыз мені ойласын,
Сезімге ыстық тоймасын!
Сағынсын әркез... тағы да
Асықсын маған, бағыма!!! (Құралайша)
Электронды поштамнан мына бір хаттарды тауып алдым. **.**.11 «Аяулым! Жанарың жадырап, күлімдеп, қоянның құлағындай етіп қос саусағыңды көрсетіп тускен (ағылшынша V белгісі) суретің ғана сақталыпты телефонымда. Сол суретіңе жиі-жиі қараймын. :) Қанша күн, қанша түн өтті. Әйтсе де сені әлі сүйеді екенмін. Сағындым. Иә, білем. Хабарсыз кеттім. «Мені барібір сүйеді. Қайда кетеді. Өзі іздеп келсін» дегенім рас. Маған кешірім жоқ. Мейлі не десең де, тіпті, кешірме! Бірақ, хат жазып тұршы!!! Хаттарыңның қанаты талмасын. Ең болмаса, мені ұмытпағаныңды, бір кездері саған ең асыл жан болғанымды сезініп жүрейін». Xman. (Хатқа жауап) **.**.11 «Өзің айтпақшы арада қанша күн өтті. Түн де. Алайда мені есіңе түсіріп, хат жазғаныңа таң қалып отырмын. Ескі мұң қажытып, жүрегің егесіз қалғанда ғана мені ес…