Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Демократия»

+ 21
1985 ж. КСРО билігіне М.Горбачев келді де, демократия туралы сөз көбейді. Барлық БАҚ соны жазады. Үйдегі үтік, тоңазытқыш пен шаңсорғыштан басқа электр приборларының бәрінен Горбачевтің дауысы шығады...
Жұмыс орныңда да сол...
Ертелі-кеш қабырғадағы 
5 сомдық радиодан Горбачев сұңқылдайды да жатады.
80-ге таяп қалған алжыған Брежневтің балпылымен салыстырғанда 54 жасар Мишканың дауысы 25 жасар жігіттің даусындай қайратты, ең бастысы сенімді естілетін. 
Ол кезде жобалау институтындамын. Әріптестердің бәрі өте сауатты азаматтар.
Горбачевтің сөздерін талқылаймыз. 
Арақпен күрескені онша ұнамаса да, "Алтын дән" дүкенінде пәленбай сағат кезекте тұрып, алып келген арақ-шарап үстінде Горбачевке қолдау білдіреміз...
Бастығымыз "байский замашкісі" бар, геолог болып әбден дала кезген қазақ...
Қит етсе 
- Өй, енеңді ұрайын, иттің әкесі! - деп шығатын.
Ал, бірдеңе бүлдірсең 
- Ни хошыш работат, пиши заяление, и пошол нақ! - деп іреп салатын өте сұсты кісі еді.
Орыс, қазақ, кәріс, өзбегі бар ұжымда ешкім қарсы келе алмайтын...
Құсбек деген қыңырлау архитектор болатын. Сол ағамыз бірде жұмысқа кешігіп қалыпты. Қырсық шалғанда тура алдынан бастық шыққан да, әлгі сөздерді айта бастаған.
Бастықтың сөздері шымбайына батқан Құсекең Горбачевтің сөзінің күшімен
- Сіз олай деуге құқыңыз жоқ. Қазір демократия заманы! - дейді ғой...
Одан ығатын бастық бар ма.... - Өй, әкеңнің ауызы...
Демократияңды апарып шешеңнің "пәленшесіне" тығып қой! - деп келте қайырды.
Содан сол институт 1995 жылы тарағанша, сол ұжымда "Демократия" деген сөз естілген жоқ Смайлик «smile»

 
0
0
1043

Еще по теме

«Демократия» - Yvision.kz