Сауалнамадан түйген ой
Ал белсенді қатысқан политехникалық, энергетикалық, гуманитарлық, медициналық, туризм, өнер, шетел тілдері, «Болашақ», «Мейірбике», «Қайнар», есеп-технологиялық, технологиялық қызмет көрсету, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің көпсалалы колледжі және М.Тынышпаев атындағы Ақтау көлік колледждерін айтуға болады. Жеке кездесу арқылы анонимді түрде өткен сауалнамаға барлығы 2641 студент қатысты. Әр түрлі сұрақтарға сан түрлі жауаптар берілді. Мәселен,«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасының бар екендігін мүлде білмейтін студенттер бар болып шықты. Біреулер колледжде дайындық үшін емтихан сұрақтары тегін таратылмайтынын растаса, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға дайын еместері де бар. Колледжге түсу кезінде пара арқылы грантқа қабыл…