Жан қамсыз, жау тілсіз, ел үнсіз
«Бишимбаевтың бәлесі», «топан судың тасуы, бес аумақты басуы», «намыссыз әке, көкек ана», «әлсізге әлімжеттік», «сырттағы соғыс» тағысын тағы үтірің тоқтаса да таусылмайтын түршігерлік тақырыптар. Жаңа заманға аяқ басқалы, көзімізді ашқалы көріп келе жатқанымыз осы. Түршіккенің былай тұрсын кей сәт пендешілікке салынып түңіліпте кетесің. Сондағы жаныңды қажайтыны Шахановша айтқанда «Қанатына жан шошынар қару тиеп қаралы, Біздің дарын ғасырымыз қайда асығып барады?» деген ой ғой. Расымен, қазір қарынның ашқанына емес, қадірдің қашқанына қынжыламыз. Ертоқым қажайды деп жаны ашып жылқыға жайдақ мінген жүрек, қазір қалай адам құнын құнсыздандырып қарап отыр? Неде болса бір жерден шикілік кетті. Әйтпесе осынша деңгейге дейін адамдық болысымызды қара дақ күйдірмесе де күйелеуі күмәнді. Осы ой м…