Қазақша сөйлеген Моана: Алматыда фильмнің жабық көрсетілімі өтті
Алматыда Disney студиясының «Моана 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі жабық көрсетілімі өтті. Арнайы шараны ASCAR Cinema мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырды. Жабық көрсетілімге журналистер, блогерлер, дубляж актерлері, қоғам белсенділері мен кино саласының өкілдері шақырылды.








