САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ АУЫСУЫ ЖАЙЛЫ ТАЛҚЫЛАУДА. ЭКСПЕРТЫ КОММЕНТИРУЮТ ПЕРЕХОД КАЗАХСКОГО АЛФАВИТА НА ЛАТИНИЦУ.
Қазақ әліпбиінің латын қарпіне ауысуы жайлы көп сұраққа Нұрсұлтан Назарбаев нақты жауабын айтып, бұны «орыс әлемінен алыстау» деп қарайтындарға қатысты да пікірін білдірді. Сарапшылар елбасының «Хабар» агенттігіне берген сұқбаты жайлы өз ойларын айтуда. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитеті басшысының ойынша, президент жаңа әліпби жасап жатқан отандық ғалымдарға қай бағытта еңбектену керектігін нұсқады.Болатбек Әбдірасілов, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы: - Кеше елбасы бұл мәселенің қай жолмен шешілуі тиіс екенін «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмайтындай» жолмен түсіндірді. Яғни, латын қарпіне тек қазақ тілі ғана көшеді. Ал орыс тілі кириллицада қала береді. Президент тағы бір шетін мәселені де атап көрсетті. Қазақ тіліндегі латын графикасы компьютер пернетақтас…


