БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР «TECHNOVATION CHALLENGE» ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
IT-технологиялардан аулақ жандардың өзі мына әйгілі суретті көрген болар. Мұнда төрт қыздан тұратын «/flash» деген ерекше ат иеленген қазақстандық команда мен Google Inc бас директоры Сундар Пичаи бейнеленген. Алматылық бұл дарынды қыздар АҚШ силикон алқабында бағдарламалаудан өткен «Technovation Challenge» атты халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болып, 15 000 долларды жеңіп алды.
Байқауда сөз алған Сундар Пичаи инженер, кәсіпкер болуды армандайтын қыздарға қарап: «Сіздер үшін бұл салада орын көп екенін айтқым келеді. Бұл жолдан ешкім тайдырмасын деп тілеймін. Осында келдіңіздер, ал біз сіздерге мұқтажбыз», - деді.
Біз қыздар АҚШ сапарынан оралатын 16 тамызды асыға күттік. Ойымыз - Ажар Султансих, Диана Жанақбаева, Дияра Бейсенбекова және Аружан Қошқарова сынды дарындармен аз-кем сұқбаттасу. Олар Алматыдағы №123 мектеп-гимназиясы, «Самай» математика-лингвистикалық мектеп және ФМБ НЗМ (Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі) оқушылары болатын.
Биыл «Technovation Challenge» байқауында «/flash» командасының қыздары QamCare атты мобильді қосымшаны ұсынды. Оның көмегімен кездейсоқ жағдайға тап болған бала өзінің GPS-бағытын туыстарына жібере алады. Қосымшаның атауы қазақша да, ағылшын тілінде де «қамқорлық» деген мағына береді.
QamCare көмегін пайдалану үшін қосымша SOS-батырмасы керек. Оған басу арқылы белгі бір адамдарға SMS-хабарлама жіберуге болады. Қиын жағдайда телефонды алып, қосымшаға кіріп, қажет хабарлама жіберу – көп қимылды қажет етеді. Ондай мүмкіндік туа бермейді. Ал қосымша батырманы қалтаға бөлек салып алуға болады.
Біз командаға тың идеялар мен сәттілік тілейміз!

