КОММУНИСТЕР АҚҚЫСТАУДА БОЛДЫ!
Кеше Қазақстан халықтық коммунистік партиясының Атырау облыстық комитетінің белсенділері кезектен тыс Мәжіліс сайлауына орай, Исатай ауданына қарасты Аққыстау елдімекенінде болды. Жергілікті комитет хатшысы Жәукен Көшенов бастаған коммунистер аққыстаулықтармен жүздесіп, кездесу барысында Исатай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сақтапберген Ихсанов жұртшылықты партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Коммунистермен жүздесуге жүз шақты сайлаушы жиналды. Жүздесу барысында мәслихат мандатына кандидат Сақтапберген Ихсановтың сенімді өкілі жұртшылықты үміткердің өмірбаянымен, алға қойған мақсат міндеттерімен таныстырды. Өз кезегінде Сақтапберген Ихсанов сайлаушыларға партияның халықтық сипаттан айнымайтындығын айтты. Ал, жергілікті комитет хатшысы Жәукен Көшенов болса, тегін біл…