Перейти к содержимому
Esentai

Esentai

На сайте с 23 сентября 2026 г.

Пользователь пока ничего не рассказал о себе.

рейтинг

100

пост

1

комменты

0

подписчиков

0

подписок

0

Жастар үшін материалдық әл-ауқат маңызды ма, әлде рухани құндылықтар ма?

Қазіргі қоғамда адамның жетістігі көбіне оның материалдық жағдайымен өлшенетіндей көрінеді. Жақсы білім алу, жоғары жалақыға ие болу, жайлы өмір сүру, сапалы киіну, саяхаттау және өзіне мүмкіндік жасау-бүгінгі жастың табиғи ұмтылыстарына айналды. Әлеуметтік желілер де бұл түсінікті күшейтіп, табысты өмірдің өлшемін көбіне сыртқы жетістікпен байланыстырады. Алайда адамды тек оның иелігіндегі дүниемен бағалауға бола ма? Байлық адамның өмірін жеңілдеткенімен, оның өміріне мән бере ала ма? Осы жерде материалдық әл-ауқат пен рухани құндылықтардың арақатынасы туралы маңызды сұрақ туындайды.Қазіргі жастар үшін материалдық әл-ауқаттың маңызы өте жоғары. Себебі қаржылық тұрақтылық-адамның өзін еркін сезінуіне, сапалы білім алуына, кәсіби дамуына және болашағын жоспарлауына мүмкіндік беретін негізг…