АЙТАҚҚА ИТ ҚАНА ҮРЕДІ
Сот шешімімен "экстремистік ұйым" деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының негізін қалаған, қазір шетелде қашып, қаңғырып жүрген олигарх Мұхтар Әблязовті бүгінде білмейтін адам сирек шығар?! Жағымды жағынан емес, әрине! Ол қоғамда наразылық көңіл-күй қалыптастыру үшін интеренет желісі, месенджер, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік топқа арандату сипатындағы ақпарат тарату арқылы Атазаңның талабын бұзып, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді насихаттау мен үгіттеу бағытында белсенді түрде заңсыз әрекетін жалғастыруда. Елдегі тұрақтылықты шайқауға ашық әрі агрессивті түрде кіріскенін көзі ашық, көкірегі ояу адам бірден байқайды.Өкінішке орай, оның жетегіне еріп, адасып жүргендер де кездеседі. Бәрі — оның шынайы бет-бейнесін жете білмегендіктің салдары. Соны шебер пайдала…