Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ДЕҢГЕЙЛІ БАҒДАРЛАМА ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ

Көшбасшылық - оқыту сияқты, үздіксіз дамуға жетелейтін, адамның тұрақты дамуына әсер ететін қабілет. Көшбасшылық дегеніміз жеке адамдар мен топтардың  жұмысына ықпал ету, ынталандыру, мақсатқа қол жеткізу үшін белсенділікке бағыттау қабілеті. Мұғалімдер өздерінің көшбасшылық қасиеттерін таныта отырып  өз тәжірибелерін сыни бағамдап, білім беру саласындағы саясатты, оның жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды, дамытады. Деңгейлі бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағамдау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің жүзеге асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер негізінде қарастырылады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Оперативті  жоспарына сәйкес 2016 жылдың 14-15 қараша күндері Алматы облысы Кербұлақ ауданы  Нұрым орта мектебінде «Деңгейлі бағдарлама идеясын жүзеге асырудағы көшбасшы мұғалімнің рөлі» тақырыбында облыстық семинар-дөңгелек үстел  өткізілді.

Семинар-дөңгелек үстелдің ашылуы

Семинар-дөңгелек үстелдің мақсаты педагог қызметкерлер мен оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту бойынша тәжірибе алмасу, заманауи көшбасшының негізгі ұстанымы туралы ой бөлісу.

Семинар-дөңгелек үстел жұмысының бағыттары: мұғалім – тәжірибелік қызметін жетілдірудегі көшбасшы; оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту.

Семинар-дөңгелек үстелді ұйымдастырушы - Деңгейлі бағдарламалар орталығы. Модераторлар – ДБО жетекшісі, тренер Дүйсембекова Л.С., тренер Мамырова А.Т.

Семинар-дөңгелек үстелге облыстағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері, Кербұлақ ауданы білім бөлімінің әдіскерлері Кенжебекова К.М., Искакова С.М., Нұрым орта мектебінің директоры Даулетова К.К., Аралтөбе орта мектебінің директоры Самылтыров Е.А., Райымбек орта мектебінің директоры Қожахметова Ж.А., т.б.  қатысты.

Тәлім алушының кәсіби дамуы. (Сламбек Н.Б. Кербұлақ ауданы)

Шараның тәжірибелік бөлімінде тренингтер, коучингтер, шеберлік сабақтары, тәлім алушы сабақтары өткізілді. Семинар-дөңгелек үстелге қатысушылар «Көшбасшы болуға ұмтыламыз» тренингіне (Буджибаев Д. Кербұлақ ауданы), «Білім берудегі көшбасшылық» (Канаева И.Д. Ескелді  ауданы); «Мектептегі көшбасшы мұғалімнің рөлі» (Сейтказинова С.Ш. Алакөл ауданы) коучингтеріне ерекше қызығушылық танытты.  Оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану арқылы жүргізілген сабақтар оқушылар үшін ғана емес, қатысушы мұғалімдер үшін де аса қызықты, пайдалы болды.  Әр сабақ өзінше қызықты, өзінше тартымды өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, мұғалім тарапынан берілген тапсырмаларды ынтамен орындап отырды. Барлық тәлім алушы сабақтары мен шеберлік сабақтары қатысушылардың жоғары бағасын алды.

Дөңгелек үстел барысы

Мұғалімдер семинар-дөңгелек-үстелдің өте пайдалы болғандығын, көп ақпарат алғандықтарын, оқушылармен жұмыстың жаңа формаларын үйренгендіктерін, шығармашыл, ізденімпаз, көшбасшы әріптестерімен танысқандықтарына қуанышты екендіктерін айтып жатты.

Марапаттау сәті


Семинар-дөңгелек-үстөл соңында ұсыныстар айтылды, өз тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге грамоталар, барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Өткізілген іс-шара мұғалімдердің педагогикалық әлеуеттерінің мол екендігін, егер оларға зияткерлік, моральдық тұрғыдан қолдау көрсетіліп, ынталандыру шаралары қарастырылып отырса, шығармашылық, кәсіби өсуі болатындығын көрсетті.

 

Дуйсембекова Л.С.

0
0
2093

Еще по теме