Болат Өтемұратов Қорына 10 жыл
Болат Өтемұратов Қорының негізі 2014 жылдың басында қаланған болатын. Сондықтан, биыл қордың құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы ретте, күні кеше Алматыда салтанатты жиын өтті. Алқалы жиында Болат Өтемұратов Қоры Қамқоршылар кеңесінің мүшелері доктор Алмаз Шарман, Арманжан Байтасов пен Жәния Әубәкірова БАҚ және блогерлермен мерейтойлық кездесуде 10 жылда атқарылған жұмыс нәтижелерімен бөлісті.Енді Қордың осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарына қысқаша шолу жасайтын болсақ. 10 жыл ішінде Қор денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік инфрақұрылым мен жедел көмек көрсету бағыттарында 20-дан астам жобаны іске асырды.Ірі жобалардың ішінде:• «Асыл Мирас» аутизм орталықтарының республикалық желісі• халықтың әлеуметтік осал топтағы азаматтары баспанамен қамтамасыз ету және материалдық қы…

