ЖЕРДЕ БІР БАЛА ҚУАНСА...
Дүниеге шыр етіп келген сәттен бастап баланың анаға, ананың балаға деген ыстық махаббатын сөзбен айтып жеткізу қиын. Әрбір адамның жандүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де, ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Жүргізілген бұл сұхбат та сәбиі үшін түн ұйқысын төрт бөліп, оның денінің саулығы үшін бар жанын салған аяулы ана жайында болып отыр. Бүгінде ортамызда өмірге денсаулығы нашар болып туылып жатқан сәбилер бар. Алайда, олар тек анасының ғана емес, қоғамның да мейіріміне, қайырымдылығына мұқтаж.«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады»дегендей, бұл өмірден еш хабарсыз нәрестелердің күлкісінен шексіз ләззат алып, қайырымдылық жасап жүрге…