АХМЕТБЕК, ОРНЫҢДЫ БІЛ!
Саясат деген қызық нәрсе ғой. Қазіргі аузы барлардың бәрінің әнші болғанындай, балпылдап сөйлей берсем болды, халық артыма ере кетеді деп саясатқа келіп жатқандар көп. Ұзақ жыл саясат сахнасында жүріп, өзін билікке бітіспес оппозиция етіп көрсетіп келген Қосанов былтырғы сайлауда елді плотно ақымақ еткеннен кейін жұрт та ескі саясаткерлерден жалығып, жаңа есімдерді іздей бастады. Оны түсінуге болады. Алайда, небір алақтар халықтың осы ақ көңілін арам пиғылдарына пайдаланып кетпекші. Неге? Мысалы партия құрам, елді ұшпаққа шығарам деп жүрген Ахметбек Нұрсиланы алайық. Иә, ол саясатта жаңа есім деуге болады. Бірақ, ол кеше туған бала емес қой. 20-30 жыл бұрын кәсіп бастап, бизнесте жүрген адам. Басы істейтін бизнесмен беталды саясатқа жүгірмейді. Тіпті кейбіреулер кәсіпкердің саясатқа құмар…