АХМЕТБЕК, ОРНЫҢДЫ БІЛ!
Саясат деген қызық нәрсе ғой. Қазіргі аузы барлардың бәрінің әнші болғанындай, балпылдап сөйлей берсем болды, халық артыма ере кетеді деп саясатқа келіп жатқандар көп. Ұзақ жыл саясат сахнасында жүріп, өзін билікке бітіспес оппозиция етіп көрсетіп келген Қосанов былтырғы сайлауда елді плотно ақымақ еткеннен кейін жұрт та ескі саясаткерлерден жалығып, жаңа есімдерді іздей бастады. Оны түсінуге болады. Алайда, небір алақтар халықтың осы ақ көңілін арам пиғылдарына пайдаланып кетпекші. Неге?
Мысалы партия құрам, елді ұшпаққа шығарам деп жүрген Ахметбек Нұрсиланы алайық. Иә, ол саясатта жаңа есім деуге болады. Бірақ, ол кеше туған бала емес қой. 20-30 жыл бұрын кәсіп бастап, бизнесте жүрген адам. Басы істейтін бизнесмен беталды саясатқа жүгірмейді. Тіпті кейбіреулер кәсіпкердің саясатқа құмартуын суицидке теңейді. Сәтті жобалары, табысты кәсібі бар бизнесмен соның барлығына қауіп төндіретін, қауіп төндірмесе де дамуына кедергі келтіретін іске басын қатырмайды. Тек бизнесімен айналысады, уақыты артылса отбасына көңіл бөледі, білім іздейді. Ал, бұл Ахметбек қайтті?
Қоғамдағы ескі саясаткерлерге деген ашу мен сенімсіздікті пайдаланып, партия құрмақшы. Бәрі болмаса да халықтың бір бөлігі оның партиясына сенім артып, тіпті тіркеліп қалуы да мүмкін. Бірақ одан халыққа келіп кетер пайда бар ма? Халықты айтпағанда Ахметбектің өзіне де пайдасы шамалы. Неге?
Біріншіден, партия құру деген уатсаптан группа ашып, ютубта лекция оқу емес. Ол жұмыс мықты идеологиялық бағдарламадан және тиімді ұйымдастырушылық аппараттан басталады. Ахметбекте осының біреуі бар ма? Партиясының бағдарламасы нені көздейді, заңдарды қалай өзгертпек, қандай құндылықтарға басымдық береді? Құр «Тіл, ұлттық рух, Алаш» деп айқайлай берген бағдарлама емес. Ал, партиялық аппараттың сұлбасы да жоқ. Партия болған соң әр облыс пен республикалық маңызы бар қалада бір-бір филиал, аудан, қалаларда бөлімшелері құрылуы, онда белсенді қолдаушылары болуы керек. Яғни уатсаптан топ ашып, былшыл әңгіме айтып отыру емес, осындай нақты жұмыс болуы керек. Ол бар ма? Жоқ.
Екіншіден, саясатта адам ел сенімін иеленуі үшін таза, артынан сөз ермеген, түрлі күмәнді оқиғалар мен интригалардан алыс болуы керек. Әлеуметтік желіде Моңғолиядан, қытайдан келген оралман жігіттер кей-кейде Ахметбектің зауыттарында жұмыс істеп, айлықтарын ала алмай далада қалғандарын айтып жүреді. Егер олардың айтқаны өтірік болса, Ахметбек әрқайсысын сотқа сүйреп, ар-намысын, кәсіпкер ретіндегі беделін қорғап алар еді ғой. Нихуя. Олай істемеді. Яғни, орыстардың «Без огня дыма не бывает» дегеніндей бұл жерде бір кілтипан бар. Ахметбек қазір жүргізіп жүрген «Бизнес бастау» жобасына қатысты да күмән көп. Қаншама жасты ақылы лекцияға жинап, көпірме сөздермен миын шаяды. Арасында бизнеспен айналысып, шаруа бастап кеткені шамалы. Яғни бұл да ештеңе істемей, құр ауызбен орақ орып, ақша табудың жолын меңгергендік. Алдыңғы жылдары республикаға танымал адвокат Камиша Есмұхамбетқызы осы Ахметбекке алданып, бизнес бастау жайына қалып, ақырында ұры атанған бір қыздың ісімен айналысты. Ол қыздың видеоүндеуін желіге жариялады да.
Мұның барлығын санамалап отыру мақсат емес, бірақ, айтпағымыз үлкен саясатпен айналысып, ел алдына шығам десең, артың таза болсын, сөз ермесін. Халық неше түрлі алаяққа алданып шаршады. Нербісі көтермейді. Ойнаймын деп от басып қалма. Орныңды біл, Ахметбек!
