Журналист
Менің ойымша журналист болу мамандық емес, ел алдындағы борышың әрі міндетің.Себебі журналист мамандығы ғасырлар бойы қашанда халықтың көзі, әрі шындықтың бұлағы болып келе жатыр.Журналист әрқашанда білгір, жан жақты, ізденпаз және физикалық, психологиялық тұрғыда төзімді болуы қажет. Сондықтан бұл мамандыққа мықтылардың мықтысы алынады.Ұзақ уақыт бойы журналистика тек шындық пен әділдіктің орталығы болып келген.Бірақ қазіргі таңда “желтая пресса” деген бағыт өтірік пен жалғанның лашығына батып біткен.Есесіне халық оған сенеді, әрі адам баласы болған соң қызығушылық әр қашанда үлкен қауымды өзіне қаратады.Бір шетінен бұған көндігу дұрыс емес, өйткені өтіріктің ұшы бір тұтам, ал бір күндік бағдардың күні ұзақ емес. Дәл сол үшін мен секілді болашақ мамандар осындай тұрғыдағы кеселдерді жоюғ…