Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Журналист

Менің ойымша журналист болу мамандық емес, ел алдындағы борышың әрі міндетің.Себебі журналист мамандығы ғасырлар бойы қашанда халықтың көзі, әрі шындықтың бұлағы болып келе жатыр.

Журналист әрқашанда білгір, жан жақты, ізденпаз және физикалық, психологиялық тұрғыда төзімді болуы қажет. Сондықтан бұл мамандыққа мықтылардың мықтысы алынады.Ұзақ уақыт бойы журналистика тек шындық пен әділдіктің орталығы болып келген.Бірақ қазіргі таңда “желтая пресса” деген бағыт өтірік пен жалғанның лашығына батып біткен.Есесіне халық оған сенеді, әрі адам баласы болған соң қызығушылық әр қашанда үлкен қауымды өзіне қаратады.Бір шетінен бұған көндігу дұрыс емес, өйткені өтіріктің ұшы бір тұтам, ал бір күндік бағдардың күні ұзақ емес. Дәл сол үшін мен секілді болашақ мамандар осындай тұрғыдағы кеселдерді жоюға ат салысуы міндетті.Өйткені кейінгі ұрпақ, алдыңғы мамандардың еңбегін сақтап дәріптеу керек.

Менің де бұл жауапкершілікті алғым келетін себебім де осыдан, менің ойымша халыққа жан ашыр болу, оның көзін ашық сақтау міндетім деп санаймын. Себебі ел баласы болу мен үшін, халық болашағы үшін маңызды. Журналист болу бала кезгі арманым емес мойындаймын, бірақ жастайымнан осы шығармашылық әлемнің бір бөлігі болып келдім, бұл шешімді ер жете келе, салыстыра отырып, өзімнің бағымды, алдағы мақсатымды осы саладан көрдім. Егер түр келбетің келісіп сөздік қорың дамыған әрі көзіңде лаулаған сенім оты жанып тұрса, неге өзіңді сынап көрмеске? деген сұрақты өзіме қойдым да, шешім қабылдадым.

Жеке өзіңді емес, халықты мазалап отырған мәселелерді қозғап, көмек қолын бере отырып пайдамыз тисе, одан асқан арманның керегі шамалы.Дәл осы мақсатта журналист болғым келеді,ел қамқоршысы, шындықтықтың ат шабары бола отырып қызметімді атқару.

Жалпылай айтарым кез келген мамандық өзіндік ерекшелікті, білгірлікті талап етеді,және дүниеде оңай жұмыс болмайды. Әр қайсысы ерен еңбекті талап етеді.Ал менің таңдаған мамандығым журналист, мен бұл шешіміме еш өкінбейбім. Себебі ол жүрегімнің қалауы.

0
0
271

Еще по теме

Журналист - Yvision.kz